Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Этномәдени мүшелері  қайырымдылық шарада аянып қалған жоқ

Сұқбат
Этномәдени мүшелері  қайырымдылық шарада аянып қалған жоқ

Этномәдени мүшелері  қайырымдылық шарада аянып қалған жоқ

Ел басына қиындық түскенде аймақтағы этномәдени бірлестік өкілдері аянып қалмай, қайырымдылық шараларға белсенді қатысқан.

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармаға қарасты «Қоғамдық келісім» коммуналды мемлекеттік мекемесінің басшысы Ербол Байқонақовтың айтуынша, Мақтаарал ауданы селден зардап шеккенде тұрғындарға жалпы сомасы 13 млн 500 мың теңге тұратын азық-түлік пен киім-кешек, құрылыс материалдарын жіберген. Ал пандемия кезінде көптеген қайырымдылық іс-шарасын өткізіп, жалпы сомасы 4 млн теңгеге көмек көрсеткен. Жалпы, 2020 жылы Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері тарапынан 19,7 млн теңгенің көмегі көрсетіліпті. Одан бөлек түрік этномәдени бірлестігінің қатысуымен кәсіпкерлер 90 млн теңгеге жуық көмек жасалыпты.

«Айта берсек, атқарылған жұмыс аз емес. 1 мамыр күні қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан өзбек және түрік этномәдени бірлестіктері 200 адамға ауызашар себеттерін таратуды жоспарлап отыр» деген Ербол Байқонақов осындай қайырымдылық шаралар  ағайын мен бауыр арасын жақындатып, ел татулығының берекесін арттырып тұр дейді.  

Шымкент қаласында өткен тқрт айда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында этнос өкілдері арасында «Ұлтаралық достықты сақтау» тақырыбында кездесулер өтіпті.  Жыл соңына дейін өтетін шаралар да аз емес.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу