Euro 2024: Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді

Алаңның екі қанатынан жиі шабуыл ұйымдастырды

Malim Админ

  • 10.09.2023

Бүгін футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Ирландиямен кездесу өткізіп, қарсылас команданы 1:0 есебімен жеңді.    

Матч  елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтті.

Биыл ел құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында жақсы ойын өрнегін көрсетіп келеді. Алтыншы турға дейін тоғыз ұпаймен турнир кестесінде төртінші орында келе жатқан еді. Алдағы ойындарда оң нәтижеге қол жеткізген жағдайда құрлықтық доданың финалдық сатысына жолдаманың біріне ие болуы мүмкін. Әзірге мұндай мүмкіндікке Финдяндия, Қазақстан, Дания және Словения құрамалары ие болып отыр.

Сол себепті ел құрамасы алғашқы минуттан ойынды белсенді бастады. Алаңның қос қанатынан жиі шабуыл ұйымдастырды. Десе де оған бәсекелес құрама лайықты қарсылық көрсетті.

Ойынның 27-минутында қазақстандық шабуылшы Максим Самородов өз мүмкіндігін мүлт жібермеді.  Бұл - ақтөбелік футболшының ұлттық құрама жейдесінде соққан үшінші голы.

Екінші кезеңнің алғашқы минуттарында алаң иелері шабуылға шықты. Содан кейін Солтүстік Ирландияның белсенділігі байқалды. Бұл сәтте қазақстандық қақпашы Игорь Шацкий мен қорғаушылардың сауатты ойнауы байқалды.

Осылайша Қазақстан қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

Айта кетсек, қазақстандық футболшылар іріктеу сатысындағы төртінші жеңісіне қол жеткізіп отыр.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасы бес кездесу өткізді. Қазақстандық футболшылар Словениядан 1:2 есебімен жеңілсе, Данияны (3:2), Сан-Мариноны (3:0), Солтүстік Ирландияны (1:0) есебімен қапы қалдырды.

Енді Қазақстан құрамасы сырт алаңда 14 қазанда Дания, 17 қазанда Финляндиямен кездеседі.

Сондай-ақ, бүгін елорда уақытымен 21.50-де қазақстандық футболшылар ойын көрсететін H тобында Финляндия мен Дания кездесуі «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал 0.45-те Словения мен Солтүстік Ирландия құрамалары жасыл алаңға шығады.

Байланысты жаналықтар

Трамптың билікке келуі Қазақстанға қалай әсер етеді? Сарапшылар пікірі  

21.01.2025

Қазақстандық жас дарын «Челсиге» ауысуы мүмкін

17.01.2025

«Бір өлімнен аман қалдық»: Танымал футболшы отбасымен жол апатына түсті

17.01.2025

Қысқы универсиада: Қазақстан медальдар кестесінде 2-орынға шықты

16.01.2025

Қазақ футболшысына Еуропа клубтары көз тікті

13.01.2025

Фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан 2-орынға тұрақтады

11.01.2025
MalimBlocks
Трамптың билікке келуі Қазақстанға қалай әсер етеді? Сарапшылар пікірі  

Қазақстандық жас дарын «Челсиге» ауысуы мүмкін

Түпкілікті шешім ақпанның аяғына дейін қабылданады

«Бір өлімнен аман қалдық»: Танымал футболшы отбасымен жол апатына түсті

Бұл туралы спортшының жары әлеуметтік желіде мәлімдеді

Қысқы универсиада: Қазақстан медальдар кестесінде 2-орынға шықты

Елқұрамасы екі алтын, үш күміс, бір қола алды

Қазақ футболшысына Еуропа клубтары көз тікті

Фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан 2-орынға тұрақтады

Ел спортшылары 2 алтын, 2 күміс еншіледі