Колледж студенттері Иранның дронын құрастыруда
Татарстанның Алабуга колледж студенттері экономикалық аймақтағы зауытта Иранның Шахид дрондарын құрастыруда.
Татарстандағы «Алабуга» арнайы экономикалық аймағында Ресей мен Украина арасында соғыс басталған кезде «Геран-2» аталатын камикадзе дрондарынның өндірісі ұйымдастырылған. Сол өндрісте «Алабуга Политех» колледжінің студенттері жұмыс істеп жүр,- дейді «Протокол» және «РЗВРТ» YouTube арнасының журналистері.
Оқу орнында мыңға жуық студенттің бүгінгі күнде бірнеше жүзі дрон жинастыру жұмыстарына тартылған. Студенттердің айтуынша, жұмыста болған кезде оларды бірнеше күн ұйықтатпайды және дұрыс тамақ та бермейді екен. Колледж студенттері дрон құрастырудан бас тартып наразылық білдіруге қорқады. Өйткені оқыту туралы келісімге сәйкес, олардың ешқандай ақпаратты жария етуге құқығы жоқ. Талапты бұзса 1,5-2 миллион рубль арасында айыппұл төлеуге тура келеді. Қашып кету де мүмкін емес, өйткені келісім-шарт үш жақты жасалған. Студент қашып кеткеннің өзінде айыппұлды ата-анасына төлетеді. Журналистердің зерттеуінше дрон құрастырып жүрген жасөспірімдерге айына 30-40 мың рубль төлеп отыр екен.