Көмек күтпеңіздер: Сағынтаев бар ақшаны жұмсап жіберіпті

Алмас НҮСІП

  • 27.05.2020

Алматының тұрғындары маскасыз қоғамдық көлікке отырғызылмайды. Осы сияқты, маска тақпай жүргендерге қарсы өзге де шаралар күшейтіледі. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ айтты.

«Масканы тағып жүру – маңызды шаруа. Егер де маска кимейтін болсаңыздар, қоғамдық көлікке кіргізілмейсіз, біз кондукторларға сондай тапсырма бердік, тақпасаңыз отырмайсыз. Сосын, ашылып жатқан жұмыс орындары мен сауда үйлерінде эпидемиологиялық сақтық шаралары сақталмаса, айыппұл салып, оларды қайта жабамыз. Қауіпсіздік үшін нысан басшылығы, әкімдігі жауапты, сондықтан, бір басшылықтың кінәсінен мыңдаған адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Біз осындай қатаң шараларға баруға мәжбүр болып отырмыз. Тек осындай қатаң шаралармен ғана коронавирусты тоқтата аламыз», - деді Алматы әкімі.

Сағынтаев тексерісті күн сайын жүргізіп, әлеуметтік ара қашықтық сақтауды, өзге де қауіпсіздік мәселелерін қадағалауды қолға алатынын, карантин тәртіптерін сақтауды талап ететіндерін айтты.

Ерекше айта кетер тағы бір жайт - бұдан былай қаладағы ақйтыс болған адамның барлығына арнайы сараптама жүргізіліп, коронавирус инфекциясы бар ма, жоқ па, тексеріледі. Егер, анықталса, оны арнайы сақтық шараларымен, коронавирустан қайтыс болғандарға арналған полигонға жерленеді.

Онлайн конференция арқылы есеп берген қала әкімі қазір медициналық құрал-жабдықтар мен өзге де керек-жарақтардың тапшылығы жоқ екенін айтты. Әкімнің бұған ерекше мән беріп отырғаны, Алматы қаласының дәрігерлері топ-тобымен ауырып, оның арты үлкен шуға айналғанда, жаппай ауырудың себебі – қорғаныш заттарының жетіспеушілігі себеп болғаны жайлы айтылған. Қазір қалада ешқандай маска жетіспеушілігі жоқ деді. Бұл заттардың барлығын алу үшін үкіметтің қаржысынан бөлек, жекелеген кәсіпкерлердің, компаниялардың қолдауы болған. Сағынтаев, сондай-ақ, ешқандай волонтер ауырмағанын айтты.

«Азық-түліктің қымбаттауына жол берген жоқпыз» деп асығыс айтып өткен әкім бірден «келесі слайдқа» ауысты. Азық-түлік бағасын ұстап тұра алмағанын өзі де сезген болар. Оның орнына «көрдіңіздер ме, қаншама үлкен жұмыс!» деп қаланың инфрақұрылымы жайлы айтқанды жөн көрді. Соның негізгісі – әуежайдың кеңейтілетіні, жаңа терминал ашылатыны. Халықаралық рейстер осы жаңа терминал арқылы жүргізіледі, ал ескі терминал ішкі рейстерге жұмыс істейді.

Бүгінгі онлайн брифингте министр Біртанов жұмыс істейтіндерге қатысты «ыңғайы келсе 50 пайызы қашықтан істесе" деген сөз айтқан. Бірақ, коронавирустың негізгі ошағы саналатын ең үлкен мегаполис әкімі министрдің бұл өтінішін орындай алмайтын сияқты. Өйткені, карантиндік шаралар жеңілдетілгелі бері 69 пайыз адам жұмыс істеп жатыр деді Сағынтаев. Қала бюджетіне биыл 100 млрд теңге салық түспейтінін ойлап, бұған жол бермеу үшін жұмыссыздықты барынша қысқарту керек болып жатқан болар.

Жалпы, коронавирус салдарынан 728 мың адам жұмыссыз қалса, оның 250 мыңы облыстан келетіндер. Ал, төтенше жағдай аяқталғалы Алматының кіре берістеріндегі шақырымдарға созылған кептелістердің жайы қалай болады?

«Блок бекеттерден өту мәселесі көп айтылып жүрген мәселе. Оңай емес, мен түсінем. Карантинге дейін қалаға 18-20 мың автокөлік кіріп жүрсе, қазір 10-12 мың көлік кіріп жатыр. Қазір, блокпосттардағы кептелісті шешіп, жылдамырақ өткізу үшін полиция қызметкерлерінің санын көбейтіп, олардың планшетпен жұмыс істеуін тапсырып жатырмыз. Бұл қазіргі өту жылдамдығын екі есеге арттырады деп күтуге болады. Қазір қарастырып жатырмыз, оңай болмай жатыр, түсіністікпен қараңыздар, біз облыстық әкімдікпен бірігіп бұл мәселені шешуге тырысамыз», - деді Сағынтаев.

Әкімге Алматы блок-бекеттердің бірінде болған қайғылы жағдайға байланысты да сұрақ қойылды. Сағынтаев олардың отбасына екі пәтер бөлінгенін, одан басқа да қаржылық қолдаулар көрсетілетінін айтты.

Азық-түлікке үш апта бұрын өтініш берген тұрғындар әлі алмаған. Бұған әкім басында берген слайд-есебін қайталап айтып, төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты бұл тараптағы жұмыстардың тоқтап тұрғанын айтты. Демек, төтенше жағдай кезінде енгізілген карантиндік тәртіптер өзгермейді, ал төтенше жағдай кезінде қарастырылған әлеуметтік көмектер тоқтайды. Әкім бюджеттен, кәсіпкерлерден жиналған ақшаның түгел жұмсалып кеткенін айтты.

Сондай-ақ, жазда оқушылар ешқайда (лагерлерге) бармаса оларды қалай қараймыз деген жеке сұраққа әкім күрсініп алып, мәнді пауза жасап барып, жауап берді. Қысқасы, қазіргі жағдайға байланысты лагерьлердің бәрі тоқтайды, алматылық оқушылар ешқайда бармайды.

Байланысты жаналықтар

Ресейден заңсыз кіргізілмек болған 171 тонна картоп кері қайтарылды

21.09.2024

Алматы облысында 11 адам сібір жарасын жұқтырған

10.09.2024

Алматы облысында сібір жарасы бойынша карантин жарияланды

05.09.2024

15 қыркүйектен бастап қайта бетперде киеміз бе? ДСМ жауабы

03.09.2024

Еліміздің әуежайларында маймыл шешегіне қарсы жаттығулар өтті

21.08.2024

Әлеуметтік желіде ер адамды қорлаған әйел айыппұл арқалады

07.06.2024
MalimBlocks
Ресейден заңсыз кіргізілмек болған 171 тонна картоп кері қайтарылды

Шекарада екі күнде 12 заңбұзушылық анықталған

Алматы облысында 11 адам сібір жарасын жұқтырған

Ауруханаға жалпы 16 адам жатқызылды

Алматы облысында сібір жарасы бойынша карантин жарияланды

Бактериологиялық зерттеулердің нәтижелері белгілі болды

15 қыркүйектен бастап қайта бетперде киеміз бе? ДСМ жауабы

Еліміздің әуежайларында маймыл шешегіне қарсы жаттығулар өтті

Оқу-жаттығу барысында шартты түрдегі маймыл шешегі ауруы тартылды

Әлеуметтік желіде ер адамды қорлаған әйел айыппұл арқалады

Психологиялық-филологиялық зерттеу постта адресатқа қатысты жағымсыз ақпарат бар екенін мәлімдеді.