Коронавирус жұқтырған дәрігерлерге енді өтемақы төленбейді

Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов бүгін өткен онлайн брифингіде ковид жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеуді тоқтатуды жоспарлап отыр.
"20 қазаннан бастап аймақтық комиссиялар медицина қызметкерлерінен өтемақы төлеу жөніндегі өтініштерді қабылдауды тоқтатты. Вирус жұқтырған 12 983 медицина қызметкерлерінің 9309-ы жұмыс орнында кәсби қызметін атқарып жүргенде жұқтырған. Оларға өтемақы төленді", - деді М.Шоранов.
Бұдан былай коронавирус аурухана ішінде таралған инфекция болып саналады. Министр орынбасарының айтуынша, медицина қызметкерлері вирустан қорғану жолдарын біледі және қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Бірақ ауруды жұқтырудың 1-3 дәрежесіндегі қауіп бойынша үстемақы жыл соңына дейін төленеді.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.