Көшкінкескіге соғылған. Шымбұлақта шаңғы тебуші қаза тапты

Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында шаңғы теуіп жүрген адам қаза болды. Ол қар көшкініні кезінде арнайы құрылғыға соғылып, мерт болған.
Курорт әкімшілігінің мәліметіне қарағанда, 10 наурыз күні сағат 10:58-де курорттың құтқарушыларына Комби-2 тірегінің 8-ден жоғары аймағында қар көшкіні түскені туралы ақпарат түскен. Құтқарушылар оқиға орнына сағат 11:02-де жеткен.
Сағат 11:05-те қаза болған шаңғышыны қар көшкіні астынан қазып алады. Қазіргі мәлімет бойынша, ол көшкінкескінің бұрышына соғылып, басына тиген ауыр соққыдан қайтыс болған. Шаңғышы рұқсат етілген аймақтан шығып кеткен және қар көшкініне қарсы қажетті құрал-жабдықтары – дыбыс сигналы, зонд және күрегі болмаған.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Исполнилось три года со дня трагических событий в Кордае
6 февраля в мечети «Дін Ислам» в селе Сортобе глава региона Нуржан Нуржигитов принял участие в церемонии, посвященной памяти погибших в ходе массовых беспорядков. В селе Сортобе и сегодня, 7 февраля, провели поминальный обед, на котором присутствовали жители всех соседних сел.