"Мәлім" сауалнамасы: Қанша адам вакцина салдырмақ?

Malim Админ

  • 01.02.2021

Бүгіннен бастап елімізде ковидке қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Әзірге таңдау біреу-ақ. Ол – Ресейдің "Спутник V" вакцинасы. Денсаулық сақтау министрлігі ақпан айының соңында қазақстандық QazCovid-in вакцинасы тіркелген соң, оны да салдыруға болады дейді. Ал АҚШ-тың Pfizer вакцинасы бірінші жарты жылдықтан ерте келмейтінін министр Алексей Цой айтқан.

Malim.kz желтоқсан айының аяғында оқырмандарынан "Ковдике қарсы вакцина салдырасыз ба? Салдырсаңыз, қайсысын таңдайсыз?" деген сауалнама жүргізген.

Сауалнамаға барлығы 941 адам қатысты. Ең алдымен айтарымыз, бұл репрезентативті іріктеме емес. Яғни оның нәтижесін бүкіл Қазақстанға теліп, ғылыми зерттеу жүргізуге болмайды. Айта кететіні, Батыс елдерінде вакцинация басталмас бұрын, басталғаннан кейін де халықтан оны салатыны-салмайтыны, қай вакцинаға көбірек сенім артатыны жайлы сауалнама жүргізілген. Ал Қазақстанда бірде-бір ұйым осы тақырыпта әлеуметтік сауалнама жүргізбеді.

Malim.kz сауалнамасына қатысқандардың дені вакцина салдырамыз дегеннен гөрі "вакцинаны мүлде салдырмаймын" деген жауапты таңдаған (69 пайыз). Тағы 17 пайызы "әзірге шешпедім, ойланып жүрмін" депті.  Көпшілік Ресей вакцинасынан гөрі Қазақстан ғалымдары жасап шығарған QazCovid-in вакцинасына көбірек сенетін сияқты. 65 адам немесе сауалнамаға қатысқандардың 7 пайызы осы вакцинаны салдырамыз деген. Ресей вакцинасына сенім артқандар тіпті аз екен: сауалнама қатысқандардың небәрі 2 пайызы ғана осы вакцинаны салыруға дайын.

Сауалнаманың толық нәтижесі мынандай болды:

Байланысты жаналықтар

"Цой 10 миллион адамға вакцина салдыра алмайды"

28.06.2021

Вакцина төңірегіндегі дау: Тоқаев Қазақстан екпесін салдыруға ниетті

08.04.2021

"Баяу вакцинация үшін сынға қалған Цойдың отставкаға кетуі екіталай"

06.04.2021

Ердоған салдырған вакцина Қазақстанға келмек

27.03.2021

Коронавирус: вакцина салу керек пе?

16.02.2021

"Бірде-бір вакцина 100 пайыз қорғай алмайды"

08.02.2021
MalimBlocks
"Цой 10 миллион адамға вакцина салдыра алмайды"

Вакцина төңірегіндегі дау: Тоқаев Қазақстан екпесін салдыруға ниетті

"Баяу вакцинация үшін сынға қалған Цойдың отставкаға кетуі екіталай"

Ердоған салдырған вакцина Қазақстанға келмек

Коронавирус: вакцина салу керек пе?

"Бірде-бір вакцина 100 пайыз қорғай алмайды"