Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер туралы

Malim Админ

  • 06.01.2023

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған, еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері ұлғайтылды, сондай-ақ бала күтімі бойынша төлемдер кезеңі ұзартылды.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылатын табысты алмастыру коэффициенті 40% - дан 45% - ға дейін ұлғайтылды. 2023 жылы 117 мыңға жуық азаматқа жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем орта есеппен 13% - ға өсіп, арттырылған мөлшерде тағайындалады деп күтілуде.

Сондай-ақ бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемді жүзеге асыру ұзақтығы 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұзартылды. Биыл бұл төлем 500 мыңнан астам ата-анаға тағайындалуы жоспарлануда.

Бұдан бөлек, еңбекке қабілеттілігінен айырылған 78 мың адамға және асыраушысынан айырылған 55 мың отбасыға базалық мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша тағайындалатын әлеуметтік төлемдердің мөлшері 8,5% - ға артты.

Осылайша, жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жұмыс істемейтіндерге қарағанда жоғары болмақ. 

Байланысты жаналықтар

Мүгедектігі бар адамдардың тек 28 пайызы ғана жұмыспен қамтылған

31.10.2024

Елімізде "Әлеуметтік әмиян" арқылы тегін дәрі-дәрмектер беріле бастады

17.10.2024

Келесі жылдан бастап қандай мамандардың жалақысы өседі?

27.09.2024

Сарапшы: Әлеуметтік-экономикалық даму – Президент саясатының жемісі

25.09.2024

Су тасқынынан зардап шеккен 7 236 отбасына жаңа баспана берілді

06.09.2024

Көпбалалы отбасы балаларына төлемақы бермеген колледждер анықталды

03.09.2024
MalimBlocks
Мүгедектігі бар адамдардың тек 28 пайызы ғана жұмыспен қамтылған

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде бұл көрсеткіш 60-70%-дан төмен емес

Елімізде "Әлеуметтік әмиян" арқылы тегін дәрі-дәрмектер беріле бастады

Келесі жылдан бастап қандай мамандардың жалақысы өседі?

Елімізде 1 миллион 800 адам 85 мың теңге алып жүр

Сарапшы: Әлеуметтік-экономикалық даму – Президент саясатының жемісі

Ең бірінші назар аударатын нәрсе – республиканың жалпы экономикалық өсімі

Су тасқынынан зардап шеккен 7 236 отбасына жаңа баспана берілді

34 247 отбасына 12 627,7 млн теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы төленді

Көпбалалы отбасы балаларына төлемақы бермеген колледждер анықталды

Студенттерге жалпы сомасы 4,7 млн теңге өтемақы аударылды