Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Үкіметтің тиісті қаулысы жарияланған жоқ

Malim Админ

  • 01.03.2023

Наурыз айында қазақстандықтар жалпы саны 12 күн демалады. Бұл айда 2 мемлекеттік мереке бар. Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңға сәйкес, бұл күндер демалыс саналады.

Оның бірі - 8 наурызда аталып өтілетін Әйелдердің халықаралық күні. Мереке  биыл сәрсенбіге дөп келіп тұр.

Ал екіншісі - мемлекеттік Наурыз мейрамы. Мейрамды қазақстандықтар 3 күн, яғни 21, 22, 23 күндері тойлайды. Биыл наурыз мейрамдары сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндерге тұспа-тұс келеді. Әдетте мұндай жағдайда ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыратын. Бірақ, бұл жолы Үкіметтің тиісті қаулысы жарияланған жоқ. Оған 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауы себеп болуы мүмін. Солайша, 18, 19 наурыз - сенбі, жексенбі демалыстары, 20 наурыз - жұмыс күні, одан әрі 21-23 наурыз - мемлекеттік мейрам.

Сондықтан, наурыз айында мереке күндерін қоса алғанда аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар - 12, ал аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 8 күн демалады.

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

28.04.2025

Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды ұзартты

27.04.2025

Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді

25.04.2025
MalimBlocks
Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

бұл - жалған ақпарат

Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды ұзартты

Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді