Наурызнама: Бүгін – Жаңару күні
Шара аясында көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды.
Биылдан бастап елімізде Наурыз мейрамы жаңа форматта тойланып жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өтетін Наурызнама онкүндігін жариялады. Бағдарлама бойынша бүгін - Жаңару күні.
Осыған орай еліміздің барлық өңірінде көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды.
Ал Астанада сағат 19:00-де Бейбітшілік пен келісім сарайында ұлттық құндылықтарды дамытуға және танымал етуге елеулі үлес қосқан еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлерін марапаттауға арналған «Наурыз Ұлттық сыйлығы» өтеді. Сол сияқты Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында Қанат Жүністің «Алаш жолы» драмасы қойылады.
Сондай-ақ, Алматыдағы барлық аудан, ЖОО мен мектепте ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылады. Ал емханаларда халық профилактикалық тексеруден өте алады.
Фото: интернеттен