Нұр-Сұлтанда Наурыз мейрамын мерекелеу игі істерге арналады

Malim Админ

  • 17.03.2021

Биыл елордада Наурыз мерекесін тойлау «Қайырымды істер» ұранымен өтеді. Мерекенің қазіргі тұжырымдамасы аясында еріктілер мен белсенді қала тұрғындары көптеген акциялар, игі істер өткізіп, мұқтаж жандарға көмек көрсетуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамын мерекелеу тұжырымдамасын әзірлеп, көктемгі мерекенің мазмұнын байыту қажеттігі туралы айтқан болатын.

«Ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді сақтау - мемлекеттік құрылымдардың ғана емес, жалпы қоғамның және әрбір азаматтың борышы. Біз өз халқымызды біріктіретін ортақ құндылықтарды насихаттауымыз керек. Мысалы, Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын әзірлеп, көктемгі мерекенің мазмұнын байыту қажет. Бүкіл қоғамды біріктіретін құндылықтар қаншалықты көп болса, біздің бірлігіміз де соғұрлым күшті болады», - деп атап өтті Президент.

Наурыз - жаңару, халықты бірлікке ұйыстыру мерекесі, сондықтан жұрт бірігіп, мұқтаж жандарға көмек қолын созуы керек.

«Игі істер» жалпыұлттық марафоны аясында елордалық еріктілер, меценаттар, кәсіпкерлер, белсенділер наурыз айынан бастап жалғызбасты зейнеткерлерге, қарт адамдарға, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға екі мыңнан астам азық-түлік себетін таратты. Қарлы күндері аулаларын қар мен мұздан тазартуға көмектесті. Іс-шаралардың бәрі санитарлық нормалар мен талаптарды қатаң сақтай отырып өткізіледі.

Бұл игі істер Наурыз мейрамын тойлау күндері де жалғасын табады. Сонымен, мерекеге орай мыңға жуық азық-түлік себетін тарату жоспарланып отыр.

Біз қаланың барлық тұрғынын белсенділік танытуға және мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге, яғни қар күреу, дәрі-дәрмектерге бару, азық-түлік сатып алу секілді қайырымдылық шараларына шақырамыз. Адам өз басындағы қиындығын еңсеру үшін жалғыз өзі ғана емес өзгелердің де жәрдем беріп, қоғамның бір бөлшегі екенін сезінуі қажет.

Сонымен бірге, коронавирусты жұқтыру қаупі әлі де бар екенін ұмытпаңыз. Әсіресе мереке күндері адам көп жиналатын орындардан аулақ болған жөн.

Бұл күндерді үйде, отбасымен бірге, яғни шағын ортада өткізген жөн. Демалыс күндері уақытты қызықты өткізу үшін қаланың мәдениет мекемелері теледидар мен әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өткізілетін онлайн іс-шаралар кешенін дайындады. Олардың арасында концерттер, көрмелер, театрландырылған қойылымдар, тарихи-танымдық дәрістер мен конференциялар, акциялар мен конкурстар бар.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

https://www.youtube.com/watch?v=lYxLEh87dM4&t=1s

Байланысты жаналықтар

Наурыз мерекесінде ауыр жарақат алған жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

22.03.2025

Ердоған Наурыз мерекесін Түркияда да атап өтуді ұсынды

22.03.2025

Шымкентте «Наурызнама» мерекелік іс-шарасы гала концертпен жалғасты

22.03.2025

Мереке күні ауа райы қандай болады?

22.03.2025

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

21.03.2025

Наурыз көже қалай дайындалады?

21.03.2025
MalimBlocks
Наурыз мерекесінде ауыр жарақат алған жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

Павлодар облысының Ақсу ауданында Наурыз мерекесін тойлау кезінде аттан құлап, ауыр жарақат алған жасөспірімге дәрігерлер шұғыл операция жасады

Ердоған Наурыз мерекесін Түркияда да атап өтуді ұсынды

Шымкентте «Наурызнама» мерекелік іс-шарасы гала концертпен жалғасты

Мереке күні ауа райы қандай болады?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесін жұртшылықпен бірге қарсы алды

Наурыз көже қалай дайындалады?

Оған қандай тағамдар қосылуы керек? Дайындау әдісі қандай?