Өскеменде өрттен қаза тапқан бес қызға ас берілді

Malim Админ

  • 07.02.2020

  Бүгін Өскемен қаласындағы көпбалалы аналар осыдан бір жыл бұрын елордада өрттен қаза тапқан бес баланың рухына Құран бағыштап, ас берді. Алланың үйіне арнайы келген жандар жұма күні дұға етуді жөн көрдік дейді.

"Халифа Алтай" атындағы мешітке қаладағы көпбалалы 85 ана келіпті. Құран аудартып, ас берген әйелдер барлық шығынды әркім өз шама-шарқынша жинап бергенін айтады. Ал мешіт қызметкерлері ас беру орнын тегін ұсынған.

 - Бәріміздің тілегіміз бес періштенің жандары жәннатта болса дейміз. Қыршыннан қиылған сәбилер еліміздегі бар проблеманың бетін ашып кетті. Мәселе онда емес. Олардың мына жарық дүние дәмін дұрыс татып, сезіп кетпеуінде. Аянышты. Дұғамыз қабыл болса екен деймін!дейді "Ақжүніс" ерікті аналар қоғамының Өскемен қаласы бойынша жетекшісі ГҮЛЖАМАЛ БЕРШІМБЕКОВА.

 2019 жылдың 5 ақпанында астанада жер үйде шыққан өрттен бір үйдің бес бүлдіршіні қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға қоғамды сілкіндіріп, мемлекеттің әлеуметтік саясатына нарзылық тудырып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі көпбалалы аналардың қарсылығына ұласты. Жер-жерде бас көтерген аналар үкімет отставкасын талап етті. Наразылықтан кейін үкімет аз қамтылған отбасыларға берілетін жәрдемақыны қайта қарастырып, әр балаға берілетін атаулы әлеуметтік көмекті 21 мың теңгеге өсірді.

- Талай мәселелерімізді көтердік. Бәрі бірдей шешілмесе де көп жағдай реттелді. Ең бастысы, әрбір көпбалалы отбасылардың жағдайы анықталды. Олардың нақты тізімі жасалды. Қандай дәрежеде өмір сүретіні белгілі болды. Өткен жылы біраз отбасы баспанаға қол жеткізді. Қуанышты жағдай, әрине. Бірақ осы іс бес баланың қазасынан бастау алды, оларды қалай ұмытамыз?! Біз бүгін бес баланы еске алу үшін жиналып отырмыз – деді  "Ақжүніс" ерікті аналар қоғамының Өскемен қаласы бойынша хатшысы ЖҰЛДЫЗ АҚТАНЖАНОВА.

 Ия, бұл аналардың айтқаны рас. Талай рет Өскемен қалалық әкімдігіне барып, талап қойғаны  көз алдымызда. Сондағы бар сұрағандары үкімет уәде еткен көмекті алу ғана болатын. Бірақ, өкінішке қарай, барлығының жағдайы түзеліп кетпеді. Алды атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алды деген желеумен соттасып жүр. Ал құр қол қалғандары қамығып, сол баяғы жарлының күйін әлі кешуде.

Жанболат Санияз.

Байланысты жаналықтар

Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қанша бөлінді?

19.05.2025

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025
MalimBlocks
Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қанша бөлінді?

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды