Петропавлда адам саудасымен айналысқандар ұсталды

Оларға психологиялық қысым жасап, жыныстық қанау мен саудаға пайдаланған

Malim Админ

  • 03.04.2023

Петропавлда адам саудасымен, бопсалаумен айналысқан Ақмола облысының тумасы құрықталды. 

ҚР Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов күдікті әлеуметтік желі арқылы кәмелетке толмаған, тұрмысы нашар және толық емес отбасынан шыққан, материалдық жағдайы қиын қыздарды іздегенін мәлімдеді.

«Петропавл қаласында адам саудасымен және оларды пайдаланумен айналысқан Ақмола облысының тумасы ұсталды.Мәселен, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің интернет және әлеуметтік желілер арқылы материалдық жағдайы ауыр қыздарды, оның ішінде қолайсыз және толық емес отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандарды іздеумен айналысқаны анықталды», - деді ол.   

Олар қылмыстық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қыздармен танысып, жұмыс іздеуге көмек көрсету сылтауымен алдау және сенімін пайдалану арқылы Петропавл қаласына шақырады.

«Қыздар келгеннен кейін оларға психологиялық қысым жасап, қарсылығын басып, қорқытып және физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, жыныстық қанау мен саудаға пайдаланған. Аталған схема бойынша күдікті Қостанай қаласының 19 жастағы тұрғынын жалдап, оны одан әрі қаладағы сауналар мен қонақ үйлерде жыныстық пайдалану үшін 250 мың теңгеге сатты. Бұл факт ҚК-нің 128-бабы 1-бөлігі-адам саудасы бойынша СДТБТ-да тіркелген. Қажетті көмек көрсету үшін жәбірленуші баспанаға орналастырылды», - деді Нұрмағамбетов. 

Байланысты жаналықтар

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024
MalimBlocks
Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды