Прокурор: Ресейлік көлікті тіркеу міндет болса, тіркеу керек!

  • 10.11.2021

Соңғы күндері ресейлік нөмірі бар көліктерге қатысты дау көбейіп келеді. Жүргізушілер полицияның көліктерін айыппұлға қамап жатқанын айтып, әр қалада наразылық шараларын өткізе бастады. 
Бүгін мәжіліс ғимаратына келген Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтен журналистер осы мәселенің мәнін сұрады. 
«Өз басым мен бұл мәселемен айналыспаймын. Сіздер секілді мен де ол жайлы бұқаралық ақпарат құралдарынан ғана біліп отырмын. Білуімше, ІІМ қазір ол іспен айналысып жатыр. Ең қиыны, бұл жерде көліктерді тіркеуде ғана емес, ол көліктердің бір бөлігінің іздеуде жүргендігінде, тіпті біразы есептен шығарылып, бізге тіркелмеген.
..Арасында қылмысқа қатыстысы, тіркелмегені, ұрланғаны дейсіз бе – бәрі бар. Оларға нөмір таға салған да жүре берген. Бұл көліктерді теуіп жүргендер тарапынан – бұл заңсыз. Заңға бағынуымыз керек. Егер заң бойынша көлікті тіркеу бізге міндетті болса, тіркеуіміз керек. Сіздің де, біздің де амандығымыз үшін тәртіп солай болуы тиіс», - деді ол.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі де Қазақстанда ресейлік нөмірде тіркелген автокөліктер заңсыз екенін айтқан болатын. 
Мәселен, ІІМ Әкімшілік полиция Комитеті басқармасының бастығы Юрий Козлов былай деген еді. 
«Ресейде есептен шығарылған және Қазақстанда тіркелмеген 80 мың автокөлік бар. Бұл көліктер тіркелгенге дейін пайдаланылмауы керек. Олар еркін жүріп, жол ережесін бұзады». 
Оның алдында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда ресейлік есепте тұрған 210 мың автомобиль бар екенін айтқан болатын.

 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін