Қай өңірде әйел көп? Қай аймақта еркек аз?
Ұлттық статистика бюросының бас сарапшысы Әсел Сәрсекованың айтуынша, елдегі гендерлік құрылымда айтарлықтай өзгеріс жоқ. Мәселен, өңірлік бөліністе еліміздегі әйелдердің ең көп саны Алматы қаласында. Халықтың жалпы санының 5,7 пайызы (1 095 738 адам). Одан кейін Алматы облысы тұр. Халықтың жалпы санының 5,6 пайызы (1 078 647 адам). Үшінші орында Түркістан облысы – 5,3 пайыз. «Керісінше, әйелдердің ең төменгі үлесі – не бәрі 1,5 пайыз – Солтүстік Қазақстан облысында (279 842 адам), Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында да сол қатарлас – 1,8 пайыздан (тиісінше 341 376 және 344 448 адам). Жалпы Қазақстанда 1000 әйелге 946 ер адамнан келеді. Тек Қызылорда және Түркістан облыстарында ерлер саны әйелдерге қарағанда басым, сәйкесінше 1000 әйелге шаққанда 1006 және 1027 ер азаматтан».