Қалалық емхана дәрігерлері қымбат көлікпен қайда бармақшы?

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 17.03.2021

Алматыдағы №12 қалалық емхана 24 500 000 теңгеге жеңіл автокөлік жалға алмақ.

Наурыздың 16-ы күні мемлекеттік сатып алулар порталына «Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 12 қалалық емхана" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының 24 500 000 теңгеге автокөлік жалға алуға» тендер жариялағаны көрсетілген хабарландыру ілінді. № 39729627-ОК2 лотына қатысушылардың тапсырысын қабылдау 2021ж.03.16 басталып, 2021ж.03.26 аяқталады. Бірақ, сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшеліктері жөніндегі хаттамада «қызмет көрсету мерзімі 2021 жылдың 1 наурызынан 31 желтоқсанына дейін», - делінген. Яғни, қызмет көрсету уақыты тендер өтпей жатып басталып кеткен.

Бұдан бөлек, хаттамада автокөліктің 2017 жылдан ескі болмауы керекті, 4 есікті, жақсартылған конфигурацияда, қозғалтқыш көлемі 2000 текше/см-ден аспайтын, ABS, SRS, Gur, air conditioning қауіпсіздік жүйелері бар болу қажеттігі айтылған.

Лотты ұтып алған өнім берушіге қойылатын талаптар арасында «автокөліктің барлық шығынын өтеу, жүргізушінің «В» санатындағы куәлігі, медициналық кітапшасы мен көлік айдау тәжірибесі болуы және штатта жүргізушіні күделікті медициналық тексеруден өткізетін медқызметкер мен автокөліктің техникалық жағдайын қарайтын механиктің болуы қажет» деген пункттері бар.

Қазіргі уақытта «12 қалалық емхана» қойған талаптар бойынша алуан түрлі автокөлікті жалға алуға болады. Мысалы, 2019 жылы шыққан, қозғалтқыш көлемі 2.0 текше/см Hyundai Sonatа немесе Toyota Camry 70 көліктерін күніне 20-30 мың теңгеге жалға ала аласыз. Бұл сомманы бір жылға (365 күнге) көбейтсеңіз 7 300 000 немесе 10 950 000 теңге шығады. Әзірге «12 қалалық емхананың» 24, 5 миллион теңгеге қандай көлік жалға алайын деп жатқаны белгісіз. Бірақ оның біз мысалға келтірген көліктерден әлде қайда қымбат болатыны анық.

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ сынығы аукционда сатылды

27.03.2025

Алматыда 6 микроқаржы ұйымның заңсыз әрекеттері әшкереленді

27.03.2025

Қостанай – Алматы бағытындағы пойыз өртенді

22.03.2025

Алматының орталығында салынып жатқан қонақүй өртенді

20.03.2025

Алматыда жігіт қыздардың алдында мүшесін ұстап жүгіріп жүр

19.03.2025

Ішкі істер министрі Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

19.03.2025
MalimBlocks
Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ сынығы аукционда сатылды

АН-26 техникалық ұшағының сынығы аукционда сатылды

Алматыда 6 микроқаржы ұйымның заңсыз әрекеттері әшкереленді

Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігі департаменті алты микроқаржы ұйымның заңсыз әрекеттерін әшкереледі

Қостанай – Алматы бағытындағы пойыз өртенді

Алматының орталығында салынып жатқан қонақүй өртенді

Алматыда жаңадан салынып жатқан қонақүйде өрт шықты

Алматыда жігіт қыздардың алдында мүшесін ұстап жүгіріп жүр

Ішкі істер министрі Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

Бұл дерек бойынша үш қылмыстық іс қозғалды