Қаңтар қырғынында зардап шеккендерге 2 миллион теңгеге дейін өтемақы төленеді

Алматы әкімі төтенше жағдай кезінде зардап шеккен дәрігерлер, полицейлер мен өрт сөндірушілер өтемақы алатынын айтты.
Арнайы төлем зардап шеккен жедел жәрдем қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен өрт сөндірушілерге беріледі. Өтемақы жарақат ауырлығына қарай, төмендегідей көлемде төленеді:
ауыр жарақат алғандарға – 2 миллион теңге,
орташа жарақат алғандарға – 1 миллион теңге,
жеңіл жарақат алғандарға – 500 мың теңге.
Сонымен қатар әкім алдағы уақытта төтенше жағдай кезінде жұмылдырылған тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетуге уәде берді.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.