Қасым-Жомарт Тоқаев: Отанға деген махаббат құр ұран емес

Malim Админ

  • 12.02.2020

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілік – халқымыздың шынайы болмысы, салт-дәстүрі екенін айта келе, бұл дәстүрді міндетті түрде сақтап қалуымыз керектігін атап өтті.

«Волонтерлер қозғалысы азаматтық қоғамды одан ары дамытуға мүмкіндік береді. Волонтерлік дегеніміз – бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып әрекет ету. Еріктілік – халқымыздың шынайы болмысы, салт-дәстүрі. Сондықтан, бәріміз міндетті түрде бұл дәстүрді сақтап қалуымыз керек. Бұл бастама – ұлтты ұйыстырып, мемлекетті нығайту үшін қажет», - деді Мемлекет басшысы елордадағы «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ашылу салтанатында.

Президент осы ретте ұлы Абайдың «Қарекет қыл, пайдасы көпке тисін» деген ұлағатын естен шығармау керектігін айтып өтті.

«Сондықтан біз волонтерлікті кеңінен дәріптеуіміз керек. Береке-бірлігімізді арттыратын шараларға тұтас ұлт болып, атсалысуымыз қажет. Осында отырған волонтерлердің барлығы – сіздер еліміздің патриотысыздар. Отанға деген махаббат – құр ұран мен бос декларация емес, бұл –халық үшін атқарылатын күн сайынғы еңбегіміз. Бұл – жанның жай-күйі, ауқымды білім мен өзін ұстаудың үлгілі мәдениеті. Мен сіздерді осы үшін қатты құрметтеймін», - деді ол.

Айта кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада ЭКСПО көрмесінің «Art Hub» павильонында орналасқан волонтерлердің «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ашылу салтанатына қатысуда. Волонтер жылы аясында фронт-кеңсенің ашылуы барысында «QQQAZVOLUNTEER.KZ» онлайн-платформасының қызметі және волонтерліктің «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» атты 7 салалық бағыт бойынша алаңдары таныстырылады. Фронт-кеңсе бүкіл Қазақстанның волонтерлері үшін кеңес беру, әдістемелік, оқыту және ақпараттық орталыққа айналатын болады. Сондай-ақ, ол волонтерлік жобалар мен оқыту бағдарламаларын үйлестіру, мониторинг жасау, волонтерлікті ілгерілету бойынша бірыңғай ақпараттық саясатты жүргізеді және бірыңғай Call-орталықтың жұмысын ұйымдастырады.

Дереккөз: inform.kz

Байланысты жаналықтар

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

17.03.2023

Қаңтар құрбаны Еркебұлан Құттыбаевты ақтық сапарға шығарып салды

17.03.2023

Биылғы Ораза айындағы пітір садақа мөлшері қанша?  

16.03.2023

Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

16.03.2023

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

15.03.2023

Частные школы просят усилить поддержку правительства

15.03.2023
MalimBlocks
Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

Тасқын су бөгетті бұзып өткен

Қаңтар құрбаны Еркебұлан Құттыбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Ол өз үйінде жүрек талмасынан көз жұмған

Биылғы Ораза айындағы пітір садақа мөлшері қанша?  

Рамазан айы 23 наурызда басталады

Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

Жоғалғандарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады

Частные школы просят усилить поддержку правительства

Ассоциация частных школ Казахстана просит министра просвещения повысить государственную поддержку. Предприниматели предлагают ввести обеспечение коммерческих школ учебниками и методическими материалами, а также просят повышать квалификацию учителей за счет государства. Соответствующие предложения они представили на недавней встрече с главой образовательного ведомства Гани Бейсембаевым.