Қазақстанда балаға ең көп қойылатын есімдер

Malim Админ

  • 28.06.2020

Қазақстанда жаңа туылған нәрестеге ең көп қойылатын есімдер қандай? ҚР Статистика комитетінің 2020 жылдың қаңтар-мамыр аралығында жариялаған деректерін сүзіп шықтық.

Ұлдар

Қазақстандықтар жылдың басынан бері жаңа туған ұл бала нәрестеге ең көп қойылған есім – Әлихан. Қаңтар мамыр аралығында бұл есім 1779 ұл балаға қойылған.

Қызығы, Раман айы сәбиге есім қоюға әсер еткен. Сәуір айында Рамазан есімі 1068 балаға қойылса, мамыр айында осы есім 1643 балаға берілген. Сәуір-мамыр аралығында ең көп қойылған есімдердің көшбасында Рамазан тұр. Осы екі айда бұған дейін қатты танымал болған Әлихан есімі небәрі 665 рет қана қойылып, ең жиі қойылатын екінші есім болған.

Қазақстандықтар ұл балаға ең көп қоятын үшінші есім – Айсұлтан. Соңғы бес айда бұл есім 1484  балаға берілді.

Сатистика комитетінің деректері қазақстандықтар әлі де «нұр» тіркесі бар есімді көп қоятынын айғақтайды. Дегенмен ең көп қойылатын төртінші есім – Нұрислам екенін ескерсек, қазақстандықтар балаға Алланың нұры жаусын деген ниетпен осы есімді таңдайтын сияқты. Қаңтар айынан бері бұл есім 1222 нәрестеге берілген.

Қызығы, қазақстандықтар балаға таза қазақша ат қойып жатқанымен, есімдердің көпшілігі орысша жазылып жатқандай. Мәселен, бесінші орындағы ең көп қойылатын есім – Амир.  934 қазақстандық ұл баланың есімін Әмір деп емес, Амир деп қойған.

Және алтыншы орындағы ең көп қойылатын есім – Алинұр. Соңғы бес айда 848 нәрестеге осы есім қойылған.

Қыздар

Қызбалаға ең көп қойылатын есімдердің көш басында Медина есімі тұр. Қаңтардан бері 2223 қыз балаға Медина есімі қойылған.

Екінші орында – Раяна есімі.  2111 қыз бала нәрестеге ата-анасы осы есімді таңдаған.

Үшінші орында – Айлин есімі. 1801 қызбалаға  қойылған.

Ең көп қойылған есімдердің ішінде төртінші орында Асылым есімі тұр. 1783 қызбалаға қойылыпты.

Топ-10 есімдердің қатарында Айзере (1727), Айша (1715),  Айым (1562) және Аяла (1557) бар.

Фото: kaz.caravan.kz

Байланысты жаналықтар

"Cоғыстың кесірінен Рамазан мерекесін мұсылмандар тойлай алмай отыр" - БҰҰ бас хатшысы

31.03.2025

Трамп америкалық мұсылмандарға ауызашар берді

28.03.2025

Ораза айт-2025: айт намазының кестесі жарияланды

27.03.2025

Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?

23.03.2025

Әлем елдерінің көшбасшылары Тоқаевты құттықтап жатыр

03.03.2025

Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

01.03.2025
MalimBlocks
"Cоғыстың кесірінен Рамазан мерекесін мұсылмандар тойлай алмай отыр" - БҰҰ бас хатшысы

БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш мұсылмандарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Трамп америкалық мұсылмандарға ауызашар берді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар беріп, мұсылмандар алдында сөз сөйледі

Ораза айт-2025: айт намазының кестесі жарияланды

Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?

Қадір түні әрбір мұсылман үшін ерекше мүмкіндік. Бұл түнді қалай өткізген дұрыс?

Әлем елдерінің көшбасшылары Тоқаевты құттықтап жатыр

Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады