Қазақстандықтардың жартысынан көбі АЭС салуға қарсы - Demoscope

Айшолпан КЕРІМ

  • 30.09.2021

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониторинг жүргізу бюросының «Қазақстандықтардың АЭС құрылысы туралы пікірі» тақырыбында жүргізген сауалнамасына сәйкес, қазақстандықтардың жартысынан  көбі бұл құрылысқа қарсы.     

«Сауалнамаға 2021 жылы 19-26 қыркүйек аралығында 14 облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) тұратын 18 жастан асқан 1100 адам қатысты. Қатысушылардың 53%-ы ер азамат, 47%-ы әйел. Зерттеуде Қазақстан бойынша стационарлық телефон нөмерлерінің абоненттік қоры пайдаланылды», - делінген бюро хабарламасында.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жолдауында 2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болатынын айтып, бұл жағдайда әлемдік тәжірибеге сәйкес, тиімді жол - бейбіт атом деген болатын. 

Ал сауалнама нәтижесіне сүйенсек, 55% қазақстандық атом электр станциясының салынуына қарсы. Олардың 36%-ы Қазақстан АЭС секілді объектілерді салуға дайын емес деп есептейді. Дегенмен, жалпы алғанда 40% қазақстандық президенттің бастамасын қолдайтын болып шыққан.

Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы мәселелер соңғы бірнеше жыл бойы талқыланып келеді. Көп жағдайда атом энергетикасын тиімді пайдаланатын дамыған елдердің тәжірбиесі  мысал ретінде келтіріледі. Одан бөлек, ауқымды халықаралық жоба жүзеге асырылатын болса, онда энергия тапшылығының орнын толтыруға және Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуға көмектесетіні жиі айтылады. Қарсы тарап кауіпсіздік жағын сөз етіп, экономикалық жақтарын талқыға салып жүр. Сауалнама қатысушыларының 8%-ы АЭС құрылысы экономикалық тұрғыда мүлдем тиімсіз екенін айтқан.

 

Байланысты жаналықтар

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024
MalimBlocks
Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.