Қазіргі жағдай кадр тапшылығын күшейтіп жатыр

Қазақстанда COVID-19 таралуы күн сайын өсіп жатыр. 30 маусымда республика бойынша 40 мыңға жуық жұқтырылған адам тіркелді, өлім-жітім жағдайлары да бар. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.
Ведомство басшысының айтуынша, жағдай инфекцияның үйде таралу кезеңіне көшті. Министр атап өткендей, вирустың симптомдары бар адамдар да, симптомсыз тасымалдаушылар да бірдей қауіп төндіреді. Сондықтан жағдайды кешенді бағалау және басқару шешімдерін жедел қабылдау үшін жұқтырғандардың осы екі санатын ескеру маңызды.
«Денсаулық сақтау мекемелері соңғы айларда күшейтілген режимде жұмыс істейді, медицина қызметкерлері жұқтырылған пациенттермен тікелей байланыста болып, өздері де ауру жұқтыруда. Бұл кадр тапшылығын күшейтеді. Бірақ ресурстар жеткілікті, біз жеңеміз. Үкіметтік шаралардың жаңа пакеті жағдайды тұрақтандырады», - деді А. Цой.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Цой: Тегін вакцина салдырғыңыз келмесе, апта сайын ПТР тапсырыңыз
Қызмет көрсету саласы қызметкерлері, өнеркәсіп пен өзге де қызметкер саны жиырмадан асатын ұжымдар вакцина алудан бас тартқан жағдайда апта сайын ПТР тапсыруға міндеттеледі. Бұл туралы бүгін брифингіде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.