freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нетаньяху Трамптың Газа секторына қатысты жоспарын қабылдамады

Әлем
Нетаньяху Трамптың Газа секторына қатысты жоспарын қабылдамады
Фото: AP photo

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Дональд Трамп құрған «Бейбітшілік кеңесінің» Газа секторына қатысты жоспарын қабылдамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Нетаньяхудың айтуынша, Израиль ХАМАС толық қарусызданбайынша, әскерін шығармайды. Бұл ауыр қарудан бастап жеңіл қаруға дейін барлық қару түрін қамтиды. Премьер-министр Израиль нақты қарусыздануды талап ететінін, формалды немесе жалған қарусыздануға келіспейтінін атап өтті.

Нетаньяху ХАМАС-тың Израильге шабуыл жасау мүмкіндігі әлі де бар екенін айтты. Алайда оның пікірінше, топ Израильдің жауап соққысынан қауіптеніп, шабуыл жасауға әзірге бармай отыр.

Израиль үкіметінің басшысы АҚШ-пен қарым-қатынастың маңыздылығын да атап өтіп, Вашингтонмен келіспеушіліктер туындаған жағдайда да Израиль өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды жалғастыратынын мәлімдеді.

Нетаньяхудың бұл мәлімдемелері Израильде мерзімінен бұрын өтетін парламенттік сайлауға дайындық жүріп жатқан тұста айтылды. Сайлау 27 қазаннан кешіктірілмей өтуі тиіс.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу