Қордай оқиғасына байланысты Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

Malim Админ

  • 11.02.2020

Елордада ҚР Тұңғыш Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еlbasy.kz сайтына сілтемемен.

Кездесу барысында Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдай, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мәселелері қаралды. Жиынды ашқан Нұрсұлтан Назарбаев Қордай ауданында болған оқиға салдарынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты және барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

– Қазіргі жағдай мені қатты алаңдатып отыр. 30 жылдың ішінде халқымызбен бірге бірталай қиындықтарды бастан өткердік. Қазіргі жастар сол ауыртпалықтарды елестете де алмайды. Қазақстанда 130 кәсіпорын жабылып, 2,5 миллион адам жұмыссыз қалды. Үйлерде жылу жоқ, азық-түлік тапшылығы туындады. Біз осы сынақтардың бәрінен бірге өттік, - деді Елбасы.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық салада үлкен қиындықтарды бастан өткергенін еске салды. – Егер біз көпұлтты халқымызды біріктіріп, тұрақтылықты қамтамасыз ете алмасақ, бүгінде елімізге шетелдік инвестиция келмей, экономика тұралап қалушы еді. Әрине, мемлекеттік қызметкерлерге де тиісті міндеттер жүктелген, бірақ бейбітшілік пен келісімді сақтау, ең алдымен, біздің халқымыздың міндеті, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Елбасы туындаған жағдайдың себептерін мұқият зерттеп, кінәлілерді заң талаптарына сәйкес жазалауды тапсырды.

– Аға буын өкілдері бұл мәселеге ерекше назар аударуға тиіс. Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге жеткізу. Аға буынның міндеті – адамдарға біздің ортақ мақсатымыз тәуелсіз, дамыған және тұрақты мемлекетті сақтап қалу екенін түсіндіру, - деді Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы.

Елбасы қазіргі уақытта Президент Қ.Ж. Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет пен облыс әкімдігі зардап шеккен елді мекендерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның өңірлік филиалдарының жұмыс сапасына ерекше назар аударылды.

– Ассамблея мен оның өңірлік өкілдіктері мұндай жағдайлардың алдын алып, бақылауда ұстауы керек. Бұл біздің ортақ міндетіміз, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Отырыс барысында Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаев пен Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың есептері тыңдалды. Бірінші мәселені талқылау аясында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға ел өңірлеріндегі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған бағдарламаларды одан әрі іске асыру жөнінде тапсырмалар берілді. Соның ішінде жұмыспен қамту және инфрақұрылымдық даму, әлеуметтік нысандарды қайта жөндеу және құрылысын жүргізу мәселелеріне назар аударылды.

Дереккөз: inform.kz

 

Байланысты жаналықтар

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025
MalimBlocks
Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.