Қостанайда құбыр жарылып, БҚО-да ауылдар газсыз қалды

4 көпқабатты тұрғын үй мен Халыққа қызмет көрсету орталығы сусыз қалды

Malim Админ

  • 10.01.2023

Қостанай қаласында жағдай қиын.   Тәуелсіздік көшесі бойындағы тозған құбыр жарылып, істен шықты. Салдарынан 4 көпқабатты тұрғын үй мен Халыққа қызмет көрсету орталығы сусыз қалды.     

«Тәуелсіздік көшесі 105 мекенжайы маңында тозған құбырдың жарылуы туралы хабарлама 10 желтоқсан күні сағат 11:00-де түсті. Осыған байланысты Тәуелсіздік көшесіндегі №105, 107 көпқабатты үйлер мен Халыққа қызмет көрсету орталығы және Козыбаев көшесіндегі № 96, 98 үйлер судан ажыратылды», - деп мәлімдеді «Қостанай-Су» коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметі. Қазір  тұрғын үйлерге арнайы техникамен су жіберіліп жатыр. 

Ал Батыс Қазақстан облысы  Горбунов ауылының тұрғындары  шыңылтыр аязда   газсыз қалды.   Оқиға 10 қаңтар күні болған. «Аталмыш елді мекенде сағат 09.25-те газ апаттық жағдайда айырылған. Сыртта 30 градус аяз. Газ құбыры «Әлия сервис» ЖШС жеке ұйымына тиесілі»,- дейді  облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.  Салдарынан 31 адам газсыз қалды.

Сонымен қатар, Трекин ауылында да газ қысымы төмендеген. Ауыл тұрғындары  «Таңғы сағат 05.00-ден кете электр жарығы сөніп, 10.00-де жанды. Біраз уақыттан бері газдың қысымы шамалы, жылтырап жанып тұр» деген  мәлімет таратты.    

Байланысты жаналықтар

Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

10.05.2025

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

08.05.2025

Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды ұзартты

27.04.2025

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

26.04.2025

Батыс Қазақстанда тікұшақ ұшып, жарылыс болды. Полиция не дейді?

25.04.2025

Батыс Қазақстанда жол апатынан екі оқушы көз жұмды

22.04.2025
MalimBlocks