Қызылордадағы ана өлімі. Туыстары полицейлерге де жаза сұрады

Қызылордада күйеуінің соққысынан мерт болған үш баланың анасының туыстары қылмыскерге жазаны қатайтуды, сондай-ақ қылмысты уақытында тоқтатпаған полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғауды талап етуде.
Бұл жөнінде nemolchi.kz қоғамдық қоры Instagram-да жазба жариялады. Қордың жазуынша, қылмыс Қызылорда қаласының орталығындағы кафе мен полиция бөлімшесі орналасқан Өсербаев көшесінде орын алған. Ол көшеде бірнеше дүкен мен тәулік бойы жұмыс істейтін агенттіктер орналасқан. Сондықтан бұл қылмысты көп адамдар көрген, бірақ тоқтатуға тырыспаған.
«Ажардың денесінде көптеген көгерген, кесілген жерлері болды. Қабырғасының сынғаны да анықталды. Оның денесін асфальт бойымен сүйреген болуы керек, үсті, шашы балшық болды. Ал өздері тұратын бөлменің едені қанға боялып жатты. Оған не істегенін ойлаудың өзі қорқынышты. Ажар аса қатыгездікпен өлтірілгендіктен, 99-баптың 1-бөлігін 99-баптың 2-бөлігінің 5-тармағына өзгертуді талап етеміз. Сондай-ақ, аса қатыгездікпен өлтірген өлім кезінде әрекетсіздік танытып, қылмысты жасырғаны үшін полиция қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 370-бабының 4-бөлігімен және 433-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғауды да талап етеміз», - дейді туыстары.
Сонымен қатар, туыстары полицияға арызданбаған, тиісті қызметтерге хабарласпаған дәмхана қызметкерлерін, құқық бұзушының туыстарын жауапқа тартуды сұрап отыр. Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметі 3 қыркүйекте Шәдиеваның өлімі бойынша Қызылорда қалалық полиция басқармасы ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеуді бастағанын хабарлады.
Фото: nemolchi.kz
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сайга под прицелом: что делать с тушами?
Чиновники правительства сдались под натиском группы предпринимателей, желавшей отмены моратория на отстрел сайги. С 2024 года убивать сайгу станет можно. Руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР объясняет это решение достижением довольно большой численности стад сайгаков.