Ресей прокуратурасы Қазақстан дәрігерін қылмыстық іске тартуды құп көрді

Ресей заңы жүретін Байқоңыр кешенінің прокуратурасы қаладағы көпсалалы аурухананың бұрынғы бас дәрігерінің үстінен қозғалған істі заңды деп таныған. Байқоңыр прокуратурасы сайтының хабарлауынша, аурухананың бұрынғы бас дәрігері Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 160 бабының 3 тармағын (өзгенің мүлкін заңсыз иелену, қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану) бұзған. Тергеу ісі бойынша, бұрынғы дәрігер 2020 жылдың желтоқсан айында қызметін асыра пайдаланып, өзіне 2 миллион 500 мың теңге (465 рубль) сыйақы тағайындап алған. Тергеу шаралары әзірге аяқталмаған.
Айта кетерлігі, Байқоңыр қаласындағы осы ауруханада Қазақстан азаматтары жұмыс істейді. Және Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты. Дегенмен, «Байқоңыр» ғарыш айлағын 2050 жылға дейін жалға алып отырған Ресейдің заңы Байқоңыр қаласына да жүреді.
Осы тақырыпқа қатысты мына мақаланы оқыңыз: Байқоңырда дәрігерлер жұмысқа шықпаймыз деп жатыр
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.