Рублевкадағы экс-әкім мен экс-министрдің және Кеңес Рақышевтың дәулеті

Халықаралық ақпарат құралдары экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ күйеу баласы Тимур ҚҰЛЫБАЕВ, қызы Динара НАЗАРБАЕВАНЫҢ және інісі Болат НАЗАРБАЕВТЫҢ шетелдегі зәулім сарайлары жайлы жазып тұрады.
Енді қазақ байлары rublevka.proekt.media сайтына да жарияланыпты. Еуропаға қарағанда жақын Мәскеудегі аса ауқатты жандардың қонысы Рублевка ауданында Қазақстанның экс-шенеуніктері мен туыстарының дәулеті бар екен.
Рублевкада сарай иемденгендердің бірі Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВТЫҢ күйеу баласы Кеңес РАҚЫШЕВ. Форбс журналының жазуынша, елдегі ең бай һәм ықпалды 50 кәсіпкердің қатарына кіретін Кеңес Рақышевтің құны 125 млн рубль тұратын 67 соток жері бар екен.
Тоқсаншы жылдардың басында Қазақстанның ішкі істер министрлігін басқарған Владимир ШУМОВ та бай-бағландардың арасында. Ол 71 млн рубль тұратын 25 соток жерді Росгвардияның басшысы Виктор ЗОЛОТОВТАН сатып алыпты.
Қазақстанның Ресейдегі елшісі, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болған Тайыр МАНСҰРОВТЫҢ әйелі Сәуле мен ұлы Мұхтар МАНСҰРОВТЫҢ да жер телімдері бар екен. Оларға құны 98 млн рубль тұратын 32 сотка жер телімі тиесілі екен.
Рублевкада жер телімдері өте қымбат. Бұл жерде Украинаның экс-премьер министрі Николай АЗАРОВТЫҢ, Қырғыз Республикасының экс-президенті Асқар АҚАЕВТЫҢ ұлы Айдар АҚАЕВТЫҢ, Өзбекстанның экс-президенті Ислам КАРИМОВТЫҢ қызы Гүлнар КАРИМОВАНЫҢ да сарайлары бар. Рублевкада көбіне ТМД елдерінің байлары қоныстануға әуес екен.
Фото: news-r.ru
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.