Шавхат Мирзиеев: Қазақ бауырларымыздың алдында ұяттымыз

Malim Админ

  • 05.05.2020

Бүгін видео арқылы селекторлық жиналыс өткізген Өзбекстан президенті Шавхат Мирзиеев Сардоба су қоймасының жарылуынан болған апатты сөз етті. Ш.Мирзиеев Қазақстанның Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы бірнеше елдімекенді су басқанына өкініш білдіріп, Өзбектан қажет болса Қазақстанға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

"Өкінішке қарай, Сардобадағы апат салдарынан көршілес Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы бірнеше елдімекенді су басты. Біз бұл мәселені кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы талқыладық.

Біз іргедегі қазақ бауырлармен бұрыннан бір-бірімізге жақынбыз, бір өзеннен су іштік, туыстар тәрізді жақынбыз. Үнемі бір-бірімізге арқа сүйеп, қуанышта да, сын сағатта да бір-бірімізге қолдау көрсеттік. Аяқ астынан болған техногенді апат өз халқымызға ғана емес, көршілес бауырларымызға да шығын келтіріп, әуре-сарсаңға салғаны үшін ұяттымыз. Елдімекендер мен егіс алқаптарына зардап келгеніне қатты өкінеміз. Біздің үкімет, тиісті министрліктер мен ведомстволар, жергілікті жердегі хокимияттар, жауапты адамдар мен сарапшылар, сондай-ақ қазақстандық әріптестеріміз апат салдарын жою үшін бірігіп күреседі. Сондай-ақ біз апат салдарын үшін қазақ бауырларымызға көмектесуге әзір екенімізді айттық", - деді Өзбекстан президенті.

Бүгін түсте экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов Өзбекстан Сардоба су қоймасын Қазақстан келісімінсіз салған, Қазақстан Өзбекстанға наразылық нотасын әзірлеп жатыр" деп мәлімдеген. бірақ түстен кейін сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мұны теріске шығарып, Қазақстан су апатына байланысты Өзбекстанға наразылық нотасын жолдамайтынын мәлімдеді.

Фото: Дилара Иса, Azattyq.org

 

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

11.05.2025

Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған ақын - Тоқаев

10.05.2025

Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды 

08.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

Әшекей заттар мен қымбат киімдерден тартынатын дейді Президент

Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған ақын - Тоқаев

Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды