457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шетелдік әдебиетшілер "Достық" орденімен марапатталды

Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ мұрасын насихаттауда еңбек сіңірген бір қатар шетелдік әдебиетшілер II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

Сонымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ жарлығымен Америко ЭДЕЛЬСИО, (Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы, Бразилия Федеративтік Республикасы) Ганем ХАЛЕД АС-САИД, (Уақыптар министрлігінің департамент директоры, Мысыр Араб Республикасы ) Кибар ЗАФЕР, (жазушы, Түркия) Кошут ЛЕОНАРД (әдеби редактор, Германия) Мәжит АКБАР (жазушы, Қытай) және т.б әдебиетшілер марапатталды. II дәрежелі «Достық» орденін иеленген лауреаттар тізімі akorda.kz сайтына жарияланды.