Симптомсыздарды неге бөлек есептейді?

Malim Админ

  • 08.06.2020

Бүгін өткен онлайн брифингіде бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова коронавирус инфекциясы анықталғандарды неліктен симптомды, симптомсыз деп екіге бөліп қарастырып жатқандарын түсіндірді. Бас санитардың сөзінше, бұл аурудың таралуын аймағын анықтауға, және аурудың алдын алуға септігін тигізген.

«Маусымның үшінен бастап, симптомды, симптомсыз ауруларды бөлек есептей бастадық. Біздегі коронавирус анықталған адамдардың 45 пайызы контакт арқылы, 45 пайызы лаборатоиялық зерттеулер арқылы, 10 пайызы өздері аурып барып анықталғандар, 5 пайыз сырттан жұқтырып келгендер.

Неге ауырған адамдарды симптомды, симптомсыз деп екіге бөлдік. Біріншіден, короновирус пайда болғанда, ешкімге белгісіз болды. Қалай таралады, қалай көбейеді, қаншалықты қауіпті, қалай емдейді ешкім білген жоқ. Бұл қаңтарда бірінші рет короновирус тіркелгендегі жағдайымыз еді. Сол кезде біз ауру белгісі лабораторияда анықталған адамдардың бәрін тіркедік. Симптомы бар ма, жоқ па қараған жоқпыз. Бұл біздің бірінші тәжірбиеміз болды», – дейді бас санитар.

Оның мәліметінше, қазірге дейін миллион тест өткізген. Наурыз айында 34 мың, 233 мың тестті сәуірде, 561 мың тестті мамырда, маусымның бірінші аптасының өзінде 152 мың адам тесттен өтіпті. Яғни, қазір біздің лабораториялар тәулігіне 25 мың тест өткізе алады.

«Тест көбейген сайын, ауру да көп анықталатыны түсінікті жағдай. Тест алу топтарын да үнемі анықтап, айтып отырдық. Осы нәрсе симптомсыз ауруларды анықтауға көмектесті. Басында бәрін бірге жариялап жүрдік. Кейін симптомсыз жағдайлар симптомы барлардан да қарқынды көбейіп бара жатқанын байқадық. 80 пайызға дейін өсті. Әлемде ешкім біз сияқты тест өткізбейді. Әлемде тек симптомы барларды, әлсіз топтарды тестке жібереді. Ал біз халықаралық жағдайды зерттедік. Эпидемиологиялық топтар мен медицина қызметкерлері тест тапсырады. Бірақ әлемде медицина қызметкерлерінің бәрі тапсырма бермейді біздегі сияқты. Тіпті, ауру белгісі байқалмаса да біз тесттен өткізіп жатырмыз. Өз контингентімізді осылай кеңейіттік. Сол себепті симптомсыз жағдайлар тым көбейгенін байқадық», – дейді Айжан Есмағамбетова.

Симптомсыз жағдайлардың көп тіркелуі арқылы коронавирустың таралу аймағын анықтаған. Екіншіден таратушыларды білген. Есмағамбетованың сөзінше, қазір өз тәжірбиеміз бар, халықаралық тәжірибе бар бәрін есепке алып отыр.

«Симптомы бар аурулардың өзі әртүрлі. Басындағы он күн қауіпті. Айналасына да, өзіне де. Он бірініші күні ол адам ауру, бірақ ауру таратпайтын болуы мүмкін. Ал симптомсыз ауратындар біріншіге қарағанда қауіпі аз. Жиналған тәжірибемізге қарап, біз тактикамызды өзгертіп отырдық. Басында симптомы барларға да, жоқтарға да бірдей қарадық. Ақпаратымыз аз болды.

Кейін тактикамызды өзгертіп, симптомсыз ауруларды ауруханаға жатқызбайтын болдық. Басында үш күн ғана жатқызып бақылап көрдік. Қазір оларды, тіпті, ауруханаға жатқызбаймыз. Бірақ үйінде қатаң бақылауда ұстаймыз. Онышы күні тесттілеп, бәрі жақсы болса, босатамыз.

Неге маңызды бұлай екіге бөліп қарау. Өйткені қазір эпидемиологиялық тұрғыда симптомы барларға қатты назар аударуымыз керек. Бүгін симптомы барлар қоғамға өте қауіпті. Өйткені  бір адам біздің есебімізше үш адамға жұқтырады. Тіпті, жеті адамға дейін жетеді. Сондықтан қазір ауруды бақылап, таратпау үшін осылай екіге бөліп қарауымыз маңызды. Бұл симптомы жоқ, ауру анықталған адамдар қараусыз қалады деген сөз емес. Симптомы жоқ үш адам бір адамға жұқтыруы мүмкін. Яғни екіге бөлудің бір маңыздысы осы. Олар жергілікті клиникаларда қаралып, емделіп шығады. Симтомы жоқтар МӘМС бойынша емделіп жатыр»,– деді Айжан Есмағамбетова.

Фото: 24.kz

Байланысты жаналықтар

Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

22.09.2024

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

27.08.2024

Алматылық қариялардың 30 пайызы короновирус жұқтырған

23.08.2024

Коронавирус қаупі. Маска тағу міндеттеле ме?

16.08.2024

Олимпиадада жүлде алған 3 спортшы мен 2 бапкерден коронавирус анықталды

15.08.2024

Джо Байден коронавирус жұқтырды

18.07.2024
MalimBlocks
Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

Роспотребнадзор XEC COVID-19 штаммының тез таралып жатқанын хабарлады

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

Ол Тәуелсіздік күніне арналған шараларға қатыспайды

Алматылық қариялардың 30 пайызы короновирус жұқтырған

7 күнде 4 КВИ жағдайы тіркелген

Коронавирус қаупі. Маска тағу міндеттеле ме?

Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар қамтылған

Олимпиадада жүлде алған 3 спортшы мен 2 бапкерден коронавирус анықталды

Президенттің Париж Олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі кейінге қалдырылды.

Джо Байден коронавирус жұқтырды

АҚШ президенті осыған байланысты Лас-Вегаста өтетін конференцияға қатыса алмайды.