"Спутник V" екпесін салдырғандар АҚШ аумағына кіре алмайды

Айшолпан КЕРІМ

  • 28.09.2021

Ресейлік "Спутник V" екпесін салдырғандар АҚШ-қа кіре алмайды. Бұл туралы Malim.kz Азаттық Радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

Қараша айынан бастап АҚШ билігі туристер үшін шекарасын ашпақ. Алайда жергілікті биліктің талабы бойынша Дүниежүзлік Денсаулық Сақтау ұйымы немесе Америка билігі мақұлдамаған вакцинаны еккен шетелдік азаматтар үшін АҚШ-қа кіруге рұқсат жоқ. ДДСҰ мақұлдамаған вакциналар арасында ресейлік "Спутник V" те бар. Сонымен қатар Үндістандық Ковак-Син препаратын еккендер де құрама штаттарына бара алмайды.

Қазір мойындалған екпелердің тізімінде Pfizer, Moderna,Сина-Фарм мен Сина-Вак вакциналары бар.

Бұған дейін халықаралық ұйым "Спутник V" екпесін шығаратын зауыттардың бірін тексеру кезінде өндіріс ережесі бұзылғанын анықтап, мақұлдау процесін шегерген.

Америкалық Washington Post басылымының жазуынша, "Спутник V" әлемнің 70 елінде мақұлданған, онда 4 миллиардтан астам халық тұрады. Ресейлік препараттың шамамен 448 млн дозасы әлем елдеріне сатылған.

Елімізде ақпан айынан бастап "Спутник V" екпесін салынып жатыр. Дәрі-дәрмек Ресейден әкелінген шикізат негізінде Қарағанды зауытында өндіріледі.

Денсаулық сақтау министрлігі "Спутник V"-ті елдегі негізгі екпе ретінде көреді. Қазақстанда одан басқа отандық QazVac, қытайлық Sinopharm компаниясының БАӘ-де өндірілген Hayat-Vax және Қытайда өндірілген Vero Cell, Sinovac компаниясының CoronaVac екпесі қолданылады.

Байланысты жаналықтар

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

19.05.2025

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

19.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025
MalimBlocks
АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді