"СҚ-Фармация" Қытайдан  1 миллион вакцина сатып алды

Malim Админ

  • 27.04.2021

«СҚ-Фармация» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ ұжымын вакцинациялау үшін Қытайдың "Sinopharm" компаниясынан Hayat-Vax (SARS-CoV-2 (Vero Cell) вакцинасының 1 миллион  дозасын сатып алды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қытай вакцинасы алдымен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының қызметкерлеріне салынады. Содан кейін қалған вакцина коронавирусқа қарсы екпе салдырғысы келетін халыққа беріледі.

" 30 сәуірге дейін 400 000 доза, мамыр айында 600 мың доза жеткізілмек".

"Бұл вакцина Қазақстана тіркелген бе?" деген сұрағымызға денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Әсел Артақшинова Hayat-Vax вакцинасына уақытша тіркеу берілгенін жеткізді.

Hayat-Vax вакцинасы клиникалық сынағының 3-кезеңі туралы мақала жарияланбаған.

Қытай вакцинасының тиімділігі төмен екенін Қытайдағы ауруларды қадағалау жөніндегі орталық басшысы Гао Фу мәлімдеген. 10 сәуір күні брифингте Қытай шенеунігі вакцинаның тиімділігі төмен екенін мойындап, оны тиімді ету үшін басқа вакциналармен бірге қолдану мүмкіндігін қарастырып жатқанын жеткізді.

Қытайдың Sinopharm компаниясы өз вакцинасының атауын ауыстырып, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі G42 технологиялық компаниямен біріккен кәсіпорында Hayat-Vax вакцинасын өндіретінін хабарлаған. 

БАӘ-де Қытай вакцинасы өндіріліп жатқанын британдық Guardian басылымы үшінші кезеңдегі сынақтың ғылыми тұрғыдан ашық еместігіне, ешбір жарияланымның шықпағанына назар аударады. Дәл осы үшінші сынақтағы кезең вакцинаның қаншалықты тиімді және жағымсыз әсері қандай болуы мүмкін екенін анықтайды.

Анықтама: алдын ала толтырылған шприцте немесе құтыда инактивацияланған "Sinopharm" Hayat-Vax (SARS-CoV-2 (Vero Cell) COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинасы, сақтау шарттары +2 - +8 градус. 1 адамға вакцинаның 2 дозасын енгізу ұсынылады, екінші доза бірінші инъекциядан кейін 14 күннен соң жүргізіледі.

 

 

Байланысты жаналықтар

Kaspi.kz  Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі  анықтама алу сервисін іске қосты

27.09.2022

Байқоңырда дәрігерлер жұмысқа шықпаймыз деп жатыр

14.09.2021

Цойдың орынбасары Назарбаевты неліктен Ресей дәрігерлері емдегенін айтты

08.07.2021

Біртанов пен Әбішевке қатысты тергеу амалдары аяқталды

08.07.2021

Біртанов: Дәрі-дәрмек тапшылығына "СҚ-Фармация" кінәлі емес

21.06.2021

Цойдың министрлігі қатесін мойындады

19.05.2021
MalimBlocks
Kaspi.kz  Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі  анықтама алу сервисін іске қосты

Kaspi.kz Цифрландыру министрлігімен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты.

Байқоңырда дәрігерлер жұмысқа шықпаймыз деп жатыр

Дәрігерлер президенттен, премьер-министрден, денсаулық сақтау министрі мен облыс әкімінен араша сұрап жатыр.

Цойдың орынбасары Назарбаевты неліктен Ресей дәрігерлері емдегенін айтты

Біртанов пен Әбішевке қатысты тергеу амалдары аяқталды

Біртанов: Дәрі-дәрмек тапшылығына "СҚ-Фармация" кінәлі емес

Цойдың министрлігі қатесін мойындады