Шығысқазақстандықтар алтын өндіретін комбинат салуға қарсы

Су қоймасындағы балық саны азайып, Күршім өзеніне қауіп төніп тұр

Malim Админ

  • 24.06.2022

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының тұрғындары алтын өндіру комбинатын салуға қарсы.  Жоспар бойынша өндіріс орны  Маралды кентінде бой көтермек.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кәсіпорын құрылысы табиғатқа зиян келтіреді 

Бірнеше жыл бойы өңірде алтын өндірумен айналысатын компания өкілдері жұмыс заң аясында жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Соған қарамастан алтын өндіру фабрикасын салу үшін айтарлықтай аумақ қазылды, бұл жайылымды жерлердің азаюына әкелді. Ал тұрғындар бұған наразылық танытуда. Өйткені төрт түлікті қазаншұңқырдың жанында жаюға мәжбүр.

Алтын өндірушілердің жұмысы жайылымдық жерлердің азаюына ғана емес, сонымен бірге тұрғындардың өміріне де теріс әсер еткен көрінеді. Су қоймасындағы балық саны азайып, Күршім өзеніне қауіп төніп тұр, дейді тұрғындар.

Маралды ауылының тұрғыны Әділ Қожықов:

 "Күн ыстық, ауылдағы жолдың бәрі шаң, демалатын ауа жоқ. Сондықтан тұрғындар үйден шықпауға тырысады. Балалар жиі ауыра бастады. Құрылыс енді басталып жатыр, бірақ жағдайымыз мынау. Зауыт жұмыс істей бастағанда не болады?", - дейді.

Осы ауылдың тағы бір тұрғыны Н.Байтұрсыновтың айтуынша, жұмыс ескі шахтер әдісімен емес, ашық тәсілмен жүргізіледі.

«Бұл өте зиян. Өскеменнің жанындағы Секисовка кенті цианидтен зардап шекті. Бұл қайталанбауы керек. Егер осы жерден шығатын болса, бәрі Ертіске түсіп, жақын маңдағы ауылдарға зиян келтіреді».  

Маралды ауылына экология министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов келіп, кәсіпорын құрылысына рұқсат беру мәселесі бойынша қоғамдық тыңдауларға қатысты.

«Халық бірауыздан фабриканың құрылысына келіспейтінін жеткізді. Біз мұны өз көзімізбен көрдік. Жобаға экологиялық сараптама жүргізіліп жатыр. Сәйкесінше біз міндетті түрде қоғамдық тыңдау хаттамасын алып, онда қойылған барлық сұрақты назарға алып, шешім қабылдаймыз", - деді комитет өкілі.

Алтын өндіретін зауыттың құрылысына қатысты шешім шілде айының соңында жарияланады. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары бір айға тоқтатылды.     

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан үстел теннисінен Грузияда өткен турнирде алтын алды

30.09.2024

Олжас Бектенов Ақтаудағы бірқатар кәсіпорынның жұмысымен танысты

26.09.2024

Оқушы сабаққа бармай, шахтадан алтын іздеген

20.09.2024

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары: Қазақстан аударыспақтан алтын алды

09.09.2024

Qarmet комбинатында екі адам қаза тапты

25.08.2024

Мексикада судьялар президент саясатына қарсы шықты

20.08.2024
MalimBlocks
Қазақстан үстел теннисінен Грузияда өткен турнирде алтын алды

Финалда қазақстандықтар Беларусь командасын 3:1 есебімен жеңді

Олжас Бектенов Ақтаудағы бірқатар кәсіпорынның жұмысымен танысты

Облыстың өнеркәсіптік дамуы мен келешегі бар өндірістерді іске қосу қосымша энергия қуатын қажет ететіні атап өтілді

Оқушы сабаққа бармай, шахтадан алтын іздеген

16 қыркүйекте Степногор қалалық полиция басқармасына жасөспірімнің жоғалғандығы туралы хабар түскен.

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары: Қазақстан аударыспақтан алтын алды

Бұл туралы Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы баспасөз қызметі хабарлады

Qarmet комбинатында екі адам қаза тапты

Олар ғимарат шатырын бұзып жатып, құлап кеткен

Мексикада судьялар президент саясатына қарсы шықты

Шерушілер Мехико сот ғимараты алдына жиналып, кіреберістерді шынжырлап тастады