Шымкентте полицейлер жолда босанған әйелге көмектесті
Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы қалыпты.

Шымкентте полицейлер жолда босанған әйелді перзентханаға жедел жеткізуге көмектесті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік инспекторлар жаңа туған нәресте мен оның анасын перинаталдық орталыққа тез арада жеткізген. Қала көшелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген полицейлерден көлік жүргізушісі көмек сұраған.
«Ер адам әйелінің жолда толғағы қысып, ауруханаға жетпестен, көлікте босанған. Офицерлер жедел әрекет етіп, сиреналарды қосып, көлікті сүйемелдеп алып жүру арқылы медициналық мекемеге кептеліссіз және барынша жылдам жеткізді. Осылайша, бірнеше минут ішінде ана мен бала дәрігерлерге тапсырылды», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы қалыпты.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.