Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Таразда ірі зертхана сараптамасына айыппұл салынды

Сұқбат
Таразда ірі зертхана сараптамасына айыппұл салынды

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының өтінішіне байланысты Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығының облыстық филиалы сарапшы-аудиторы тауардың шығу тегі туралы сертификатты (СТ-KZ) ресімдеу үшін сараптама актісін жасау кезінде бұзушылықтарға жол бергенін анықтады.

Сарапшы елішілік құндылық пайызының үлесін дұрыс есептемеген және сараптама актісінде тауарға есептеулер өтініште көрсетілген есептеулерге сәйкес келмеген (полиэтиленнен және жол құрылысына арналған материалдан жасалған құбырларға қатысты), «Сыртқы экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішінің» коды дұрыс көрсетілмеген.

Сараптама актісінде шикізатты жеткізуге шарт жасалған күн алдын ала келмеген күнмен белгіленді, яғни дұрыс көрсетілмеген.

Мұндай әрекеттер заңнама талаптарын өрескел бұзу болып табылады, сондықтан сот Жамбыл Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығының қызметін тоқтата тұру және айыппұл салу түрінде санкция қолданған.

«Жалпы, 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Комитеттің аумақтық департаменттері «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ филиалдарына қатысты 12 бақылау іс-шарасын өткізді, нәтижесінде өнімнің сәйкестігін бағалау туралы берілген 8 құжат, 10 өлшем құралдарын калибрлеу сертификаты, 77 сынақ хаттамасы жойылды, Қоғамның Алматы және Жамбыл филиалдарының толық немесе ішінара аккредиттеу аттестаттары тоқтатылды» - дейді Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу