"Тарихи шешім" – Көлгінов Нұр-Сұлтанға Астана атауын қайтару туралы

  • 08.07.2022
А.Көлгінов пен Н.Назарбаев/көрнекі сурет: elbasy.kz

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ел астанасы Нұр-Сұлтанға бұрынғы Астана атауын қайтару туралы пікір білдірді. Оның пікірінше, қала атауы қазіргі атымен қала беруге тиіс. Ол бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Астананың Нұр-Сұлтан атануына қатысты қоғамдық пікір қала атауы өзгергелі бері қарсылыққа толы. Астана атауын қайтару туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына петиция да жолданған. Бірақ, билік тарапы бұл мәселеге қатысты қандай да бір мәлімдеме жасаған жоқ.

Петиция жолданғанына қарамастан, осыдан бір апта бұрын ғана премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «қала атауын өзгертуге қатысты ешқандай қажеттілік көріп тұрған жоқпын» деп жауап берген. Көлгіновтің жауабы да осыған ұқсас. Және ол қала атауын өзгертуді тарихи шешім деп атады.

«Тарихи шешім қабылданды. Қаланың ресми атауы – Нұр-Сұлтан. Біз осы қалада тұрып жатырмыз және жұмыс істеп жатырмыз. Мен бәрінің атауын өзгерте беруді қолдамаймын. Мен қабылданған шешімге баға бере алмаймын», - деді ол.

Астана қаласының атауы Қасым-Жомарт Тоқаев уақытша президент болып тағайындалған күннің ертеңіне, ант қабылдау рәсімінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне "Нұр-Сұлтан" деп өзгертілген. Ол кезде "тарихи шешімге" халық араласқан жоқ, елден референдум өткізіп пікір сұралмады. Қоғамда белсенділер мен қарапайым тұрғындардың көпшілігі қала атауы Қаңтар оқиғасынан кейін ауысуға тиіс деп есептейді.

Байланысты жаналықтар

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

04.12.2023

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

02.12.2023

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

01.12.2023
MalimBlocks
Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған. 

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова соңғы екі жылда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси реформаларға көңілі толатынын айтады: