Тәуелсіздік құрметіне екі мыңнан аса адам рақымшылыққа ілігеді

Айшолпан КЕРІМ

  • 03.11.2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай рақымшылыққа кімдер ілігетіні белгілі болды. Аталмыш Заң жобасы туралы мәжілісте ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» жоба президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша дайындалған. 

“2236 сотталған адамға және пробация қызметінің есебінде тұрған 11 310 адамға рақымшылық жасалады”, - деді министр.

Тұрғымбаевтың сөзінше, ауыр қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды. Рақымшылық ардагер, кәмелетке толмаған не егде жастағы азаматтарға, 1-2 топтағы мүгедектерге, азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмеген адамдарға қатысты қолданылады. Осылайша отыз жылдыққа орай 2236 сотталушы мен 11 310 пробацияда тұрған азаматқа рақымшылық жасалады.

Одан бөлек, министр Қазақстанда 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мыңнан астам адам барын айтты, оның отыз мыңы сотталған, төрт мыңы қамауға алынған. Олардың 93 %-ы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаса, 45 %-ы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұдан өзге 32 мыңнан аса адам пробация қызметінің есебінде тұр.

Байланысты жаналықтар

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

17.03.2023

Қаңтар құрбаны Еркебұлан Құттыбаевты ақтық сапарға шығарып салды

17.03.2023

Биылғы Ораза айындағы пітір садақа мөлшері қанша?  

16.03.2023

Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

16.03.2023

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

15.03.2023

Частные школы просят усилить поддержку правительства

15.03.2023
MalimBlocks
Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

Тасқын су бөгетті бұзып өткен

Қаңтар құрбаны Еркебұлан Құттыбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Ол өз үйінде жүрек талмасынан көз жұмған

Биылғы Ораза айындағы пітір садақа мөлшері қанша?  

Рамазан айы 23 наурызда басталады

Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

Жоғалғандарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады

Частные школы просят усилить поддержку правительства

Ассоциация частных школ Казахстана просит министра просвещения повысить государственную поддержку. Предприниматели предлагают ввести обеспечение коммерческих школ учебниками и методическими материалами, а также просят повышать квалификацию учителей за счет государства. Соответствующие предложения они представили на недавней встрече с главой образовательного ведомства Гани Бейсембаевым.