«Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» онлайн-байқауы басталды

Malim Админ

  • 20.04.2021

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Мәдениет порталы» ақпараттық агенттігінде тұңғыш рет өткізіп жатқан «Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілер арасындағы республикалық онлайн-байқауы жарияланды. Онлайн-байқаудың жүлде қоры - 7 600 000 теңге. 

Бұған дейін елімізде болмаған бұл мега жобаның негізі мақсаты – Республикадағы суретшілер мен ақындардың шығармаларын насихаттау һәм таныту, олардың туындылары арқылы Қарағанды облысының тарихи тұлғаларын, мәдени ескерткіштерін, сакралды орындарын, табиғатын, Тәуелсіздік кезеңінде өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың есімін асқақтату, поэзия мен сурет өнерінің үндестігін бағалау әрі бағамдау, оқырман қауымның модерндік ортасын қалыптастыру.

Байқаудың ерекшелігі – өнер сайысына қатысушы ақындар мен суретшілердің жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды, яғни кез-келген жастағы шығармашылық тұлға қатыса алады.

Онлайн-байқау қазақ және орыс тілінде өтеді. Байқауға республиканың барлық облыстары пен мегаполистеріндегі суретшілер мен ақындар шығармаларын «Мәдениет порталына» онлайн түрде өз қолымен тіркей алады. Ол үшін үміткерлер «Мәдениет порталына» тіркеліп, бұрын еш жерде жарияланбаған, конкурсқа ұсынылған шығармалары мен жеке мәліметтерін порталда көрсетілген «Шығарманы қосу» батырмасы арқылы орналастыра алады. Сонымен қатар онлайн-байқаудың басқа да шарттарын «Мәдениет порталындағы» Ережесінен оқып алуға болады.

«Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілер арасындағы республикалық онлайн-байқауы аясында жеңімпаз Ақындардың өлеңдері қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударылып, Суретшілердің картиналарымен бірге арнайы альбом дайындалады. Жеңімпаздардың шығармаларынан құралған аталмыш альбом ағылшын және орыс тілді мемлекеттердің ұлттық кітапханаларына жолданады. Мұнымен қоса альбом арнайы түсірілген бейнероликтерге сілтеме берілген QR-кодтармен жарық көрмек.

Онлайн-байқау 2 кезеңмен өтеді: 1-кезең – Суретшілер үшін; 2-кезең –Ақындар үшін. Байқаудың Суретшілерге арналған 1-кезеңі 20.04.2021 – 20.06.2021 аралығында өтеді. Жеңімпаз 8 суретші анықталып, үздік 8 картина ашық жарияланады. 26.06.2021 – 26.07.2021 аралығында өтетін байқаудың Ақындарға арналған 2-кезеңінде үздік 8 суреттің біреуін таңдап, сол сурет туралы 1 поэзиялық шығармасын (өлеңін) жолдау арқылы қатыса алады.

Жеңімпаздардың жүлделері төмендегідей табыс етіледі:

● Екі Бас жүлде /ақын мен суретшінің әрқайсысына/ тең бөлінеді – 2 000 000 тг

● Екі І орын /ақын мен суретшінің әрқайсысына/ тең бөлінеді – 1 600 000 тг

● Төрт ІІ орын /ақын мен суретшінің әрқайсысына/ тең бөлінеді – 2 000 000 тг

● Алты ІІІ орын /ақын мен суретшінің әрқайсысына/ тең бөлінеді – 1 800 000 тг

● Екі ынталандыру сыйлығы /ақын мен суретшінің әрқайсысына/ тең бөлінеді – 200 000

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.