«Туған жер» жобасы аясында өңірлерге 10 млрд инвестиция құйылды

Malim Админ

  • 29.10.2020

100 жаңа есім» жобасы жаңғыруға ұмтылған жаңашыл қоғамға тың серпіліс сыйлады. Бұл туралы Ақордада өткен Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты.

Атқарылған нақты жобаларға келсек, өздеріңізге мәлім, айтып келмеген індеттің салдарынан көптеген шаралар онлайн форматқа ауыстырылып, бірқатарынан бас тартуға тура келді. Десе де, пандемия қиындықтарына қарамастан, министрлік жүргізген екі кешенді жоба бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткенін ерекше атап өту керек. Мәселен, бір ғана «Туған жер» жобасы бойынша биылғы жылдың өзінде 1 231 демеуші азаматтардың арқасында еліміздің әр аймағында рухани маңызы бар 228 нысан салынды. Оның ішінде 2 мектеп, 2 балабақша, 19 мәдениет объектілері, 36 спорт алаңдары, 31 балалар алаңдары және тағы басқалары бар. Яғни, қаржылай санағанда өңірлерге 10 млрд теңгенің инвестициясы құйылды», - деді министр.

Мұнан бөлек, ол Елбасының тікелей бастамасымен 2017 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «100 жаңа есім» жобасы бойынша үш жылда 6 мыңнан азаматтан халық таңдаған 163 тұлға анықталғанын еске салды. «Бұл - қоғамдық салада ғана емес, ғылым мен технологияда, кәсіпкерлікте үлкен жетістікке жеткен азаматтар. Сөз жоқ, олардың ел алдына шығуы – жаңғыруға ұмтылған жаңашыл қоғамға тың серпіліс, жаңа леп сыйлады», - деді Аида Балаева.

Еске сала кетейік, Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі тереңдетіп, Ұлттық жаңғыру кезеңіне өткізудің арнайы Жол картасын жасау қажет деген шешім қабылданды. Бұл құжат аса маңызды ұлттық жоба ретінде жүргізіледі. Ұлттық жаңғыру жобасының ең басты мәні – Ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бұл – ұлттық жаңғырудың стратегиялық мақсаты болып қалады. Жол картасында Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру, Білім және ғылымды дамыту, Жоғары ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру, Еңбек адамын қалыптастыру, Ауылды түлету сияқты т.б кешенді іс-шаралар қамтылады. Мемлекеттік хатшы отырысты қорытындылай келе, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттары бойынша жұмысты одан әрі жандандыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Дереккөз: inform.kz

Байланысты жаналықтар

Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

22.09.2023

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

22.09.2023

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

21.09.2023

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

20.09.2023

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

20.09.2023

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

18.09.2023
MalimBlocks
Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

Шамасы осындай 100 миллионнан асатын тағы бірнеше жобаларды атқарып, жеңімпаз болып отырған

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

Министерство высшего образования разработало проект: родителям предлагают копить на учебу детей по системе "Келешек", сообщает Sputnik.kz.

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

Орал қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында депутат Мақсат Айсаутовтың Назарбаев даңғылына бұрынғы атауын қайтару бастамасы өзгеріссіз қалды.

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

Қатты соққының әсерінен мұрыны сынып, ота да жасатқан

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

Алматы облысы Талғар ауданында ауруханада қайтыс болған марқұмның туыстары жансақтау бөлімінің дәрігер-реаниматологы мен медқызметкерін ұрып кеткен.

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

Чиновники правительства сдались под натиском группы предпринимателей, желавшей отмены моратория на отстрел сайги. С 2024 года убивать сайгу станет можно. Руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР объясняет это решение достижением довольно большой численности стад сайгаков.