Түркістан облысында ер адам бұрынғы әйелін пышақтамақ болды

Malim Админ

  • 19.03.2024

Бүгін Түркістан облысы Сайрам ауданында 102 қызметіне отбасылық жанжал бойынша қоңырау түскен. Жергілікті БАҚ ақпаратына сүйенсек,

қоңырау шалған тұрғынның қызы мен ажырасып кеткен күйеубаласы жанжалдасып, ер адам қызын пышақпен қорқытып, кепілге алған. Сондай-ақ, автокөлігімен Батыс Қытай-Батыс Еуропа трассасы арқылы өзінің тұрғылықты жері – Қызылорда облысына қарай бағыт алған. Сонымен қатар, бұрынғы әйелін «өлтіремін» деп қорқытқан.  

«Күдіктінің талабы оны қудаламау мен жауапқа тартпау болды. Кепілге алынған адамды босату мақсатында тез арада жедел штаб құрып, «Арлан» арнайы жасақ күшімен Шымкент қаласындағы «Асар» ықшамауданының маңында күдікті ұсталып, жәбірленуші босатылды. Қылмыс кезінде жәбірленуші мойын тұсынан жеңіл дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Онда оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Күдікті қамауға алынды», - деп жазды БАҚ.

Мәлімет бойынша, күдікті мен жәбірленуші бұрын некеде болған. 2021 жылы ажырасқан, 3 баласы бар. Күдікті бұрын екі рет сотталған және лудоманиямен ауырады.


 

Видео: Түркістан облысы полиция департаменті

Байланысты жаналықтар

Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

19.05.2025

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

19.05.2025

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

16.05.2025

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

06.05.2025

Түркістан облысында полицейлер жаппай тәртіптік жауапкершілікке тартылды

29.04.2025

Ақбөкенді атқандар сотталып кетті

23.04.2025
MalimBlocks
Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейту туралы талқылады

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

«10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу» тапсырмасы аясында 22 595 жұмыс орны ашылды

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

Болашақта жоба кеңейтіліп, 308 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

Түркістан облысында полицейлер жаппай тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Ақбөкенді атқандар сотталып кетті