Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

  • 30.11.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары нәтижесінде елімізде ауқымды жұмыс атқарылуда. Әкімдер сайлауы тұрақты түрде жалғасуда. Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты Бірлесу ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелеріне сәйкес Келес аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Бірлесу ауылдық округінің әкімі болып Серикбай Жанболат Мұратұлы сайланды. Осыған орай, бүгін Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Бірлесу ауылдық округі әкімдігінің активіне жаңадан сайланған ауылдық округтің әкімін таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

–  Бірлесу ауылдық округі көрші елмен шектесетін даму персвективасы жоғары өңір. Мұндағы еңбекқор халықтың әлеуетін арттыру бағытында тынымсыз жұмыс істеуге шақырамын. Ауылды дамыту жөніндегі ұсыныстарыңызбен қабылдауға дайынмын. Алдағы уақытта бірлесе елдің жағдайын жасап, тындырымды тірліктерді жүзеге асырады деп сенемін, – деді аудан әкімі Жәнібек Есенұлы.

Жанболат Мұратұлы 1993 жылы, 15 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы,  Сарыағаш ауданы,  Бірлесу ауылдық округінде дүниеге келген.  Білімі жоғары. Мамандығы  Экология бакалавры және  Құқықтану.  Еңбек жолын 2015 жылы Бірлесу ауылдық округі әкімі аппаратында инфрақұрылым мәселелері және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша еңбек шарты негізінде бастап, 2016-2019 жылдары Бірлесу ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші, кейіннен бас маман жер инспекторы,  2019-2021 жылдары Келес ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, 2021-2022 жылдары  Келес ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы қызметін атқарған. 2022 жылдың қаңтарынан бүгінгі күнге дейін Келес ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ауыл шаруашылығы жөнінде сектор меңгерушісі қызметін атқарып келді.  Сонымен қатар, өткен жексенбіде өткен ауыл әкімі сайлауының нәтижесіне сәйкес Келес ауданының Біртілек ауылдық округінің әкімі болып Нұрымбетов Бақтияр Жақыпұлы сайланды. Аталған округ әкімі ауылдық округі активімен аудан әкімі аппараты басшысының м.у.а. Сыдықбай Жолдыбаев таныстырды.  Айта кетейік, соңғы жылдары елімізде ауқымды саяси реформалар жасалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сайлау жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Халықтың мемлекеттік басқару ісіне араласуына жағдай жасалып, диалог күшейтілді. Еліміздегі саяси реформалар аясында ауыл тұрғындары екі жылдан бері ауылдық округ әкімін таңдау мүмкіндігіне ие болды. Нәтижесінде Түркістан облысы бойынша 140 ауылдық округ әкімдері сайланды. Сонымен қатар биыл 4 аудан әкімінің сайлауы өтті. Қабылданып жатқан реформалардың барлығы – мемлекеттік басқарудағы шешім қабылдау процессіне азаматтардың қатысу мүмкіндігін арттырды.  

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.