Ұл балалар мектепке белдемше киіп келді

Айшолпан КЕРІМ

  • 29.10.2021

«Киімде гендерлік айырмашылық жоқ» - Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қарсылық акциясына шықты. НЗМ ұл балалары бүгін мектепке белдемше киіп келген.

Күні кеше Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы 11 қабаттан секіріп, өз өзіне қол салды деген ақпар тараған болатын. Желіде оқушы мектептегі тақырыптық мәдени шаралардың біріне белдемше киіп келгені үшін сынып кураторы оны күштеп психологқа апарғаны айтылған еді.

Алайда мектеп басшылығы суицидке қатысы жоқ екендерін айтып, желіде тараған ақпарды жоққа шығарды. Олар бұл оқиға мектеп ауласынан тыс аумақта болғанын айтып, «Белдемше деген қайдан шыққан әңгіме?» деп жауап берді. Басшылық ешкім оқушыны мәжбүрлеп психологқа апармағанын, оның тіпті белдемшеде болмағанын айтады.

Ал мектеп оқушылары қарсылық шарасын ұйымдастырып, әлуметтік желілерде белсенді түрде оларды қолдауға щақырып жатыр. Сондай-ақ олар мектеп әкімшілігі қайтыс болған баланы белдемше кимеді деп, «өтірік» айтқанына наразы.

Қазіргі таңда оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 105-бабы «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот медицина сараптамасы тағайындалған.

Байланысты жаналықтар

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

23.03.2023

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

17.03.2023

Қаңтар құрбаны Еркебұлан Құттыбаевты ақтық сапарға шығарып салды

17.03.2023

Биылғы Ораза айындағы пітір садақа мөлшері қанша?  

16.03.2023

Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

16.03.2023

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

15.03.2023
MalimBlocks
Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

«Өзеннің арғы бетінде қалған» әріптестеріме не дейін?

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

Тасқын су бөгетті бұзып өткен

Қаңтар құрбаны Еркебұлан Құттыбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Ол өз үйінде жүрек талмасынан көз жұмған

Биылғы Ораза айындағы пітір садақа мөлшері қанша?  

Рамазан айы 23 наурызда басталады

Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

Жоғалғандарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады