ҰҚК шекара қызметінің төрағасы қамауға алынды

Ділмановпен бірге шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті "Нұр жолы" шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Нұрман Арысбаев және тағы бірнеше адам да ұсталған. Күдікке ілінгендердің бәрі уақытша тергеу изоляторына қамалды.
Іске қатысты өзге ақпарат «тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды»,
Айта кетейік, Дархан Ділманов сәуір айында ғана ҚК төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры қызметінен босатылған. Бұл қызметке 2015 жылы маусымда тағайындалған.
БАҚ-та осы кеден бекеттерінде жүк көліктері кедергіге тап болып, кезек пайда болатыны жазылған. Ел билігі шекарадағы жемқорлық әсерінен бюджетке миллиард доллар түспей қалатыны туралы айтқан.
Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қытай шекарасындағы кеден бекеттерінде контрабанда мен жемқорлық мәселесіне назар аударып, оны жоюды тапсырып, тексеру жұмыстары басталған.


Ең көп оқылған
