Жалпыреспубликалық бірыңғай педагогикалық кеңестер өтіп жатыр

Malim Админ

  • 19.08.2020

Мектеп директорлары оқу жылы басталар алдында педагогикалық кеңестер өткізіп жатыр. Әр білім беру ұйымының басшысы ұжымына мектепте оқу жылы қалай басталатынын, штаттық режимде оқитындар үшін қандай санитарлық қауіпсіздік шаралары қабылданғанын, балаларды қашықтан оқыту үшін мектеп қандай платформаны таңдағанын, бағалау жүйесіне қандай өзгерістер енгізілгенін және оқу процесін ұйымдастыруға қатысты өзге де сауалдар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайларға байланысты 2020-2021 оқу жылы қашықтан білім беру форматында басталады. Ата-аналардың қалауы бойынша мектептерде 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады. Бір сыныпта білім алушылар саны 15-тен аспайды.

Педкеңес барысында педагогтерге оқыту ережелері мен кезекші сыныптарда санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары егжей-тегжейлі түсіндіріледі. Оқушылар мен педагогтердің температурасы күнде өлшеніп, дене қызуы нормадан жоғары болған жағдайда және ауру белгілері анықталса, педагогтер жұмысқа кіріспейді, ал оқушылар үйлеріне қайтарады.

«Егер ата-аналар немесе балалардың заңды өкілдері ниет білдіріп, өтініш жазса, ал мектеп санитарлық нормаларды қатаң сақтауға дайын болса, бастауыш сынып оқушылары мектеп қабырғасында оқи алады. Мектептерде жоғары сынып оқушыларының кабинеттері бос болғандықтан, бұл кабинеттерді де бастауыш сыныптарды оқытуды ұйымдастыру үшін пайдалануға болады. Ата-аналардың өтініштерін сынып жетекшілері қолжетімді байланыс құралдары арқылы онлайн-форматта қабылдайды. Мектеп формасына қатысты: жалпы формаға қойылатын талаптар жойылмайды, бірақ уақытша өзгерістер енгізілді, соған байланысты биыл ата-аналар баланы мектеп формасында немесе басқа да ыңғайлы киіммен жіберу туралы шешімді өзі қабылдайды»,деп атап өтті БҒМ баспасөз қызметі.

Мектептердегі компьютерлер балаларға уақытша пайдалануға беріледі. Сонымен қатар білім басқармалары, бөлімдері қосымша компьютерлер, ноутбуктер, планшеттер сатып алып, қабылдау-тапсыру актілері негізінде оқушыларға тапсырады.

Әрбір өңір, білім беру ұйымы қашықтан оқытуды ұйымдастыратын интернет-платформаны өзі таңдайды. Қашықтан оқыту форматы аясында мұғалімдер мен оқушылар платформа арқылы стриминг жүйесін қолданатын болады.

Сондай-ақ педагогикалық кеңесте мұғалімдерге сабақты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар талқыланып жатыр. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде орналасқан шағын жинақты мектептерде күндізгі форматта оқытуды ұйымдастыру мәселесі де назардан тыс қалмайды.

Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды тақырып – карантиндік және шектеу шаралары жағдайында 2-11(12) сыныптардағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау. Педагогикалық кеңестерде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесіндегі уақытша өзгерістер талқыланып жатыр. 

                                                                                                                                                                               ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Көрнекі фото ғаламтордан алынды. 

Байланысты жаналықтар

Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

22.09.2023

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

22.09.2023

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

21.09.2023

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

20.09.2023

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

20.09.2023

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

18.09.2023
MalimBlocks
Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

Шамасы осындай 100 миллионнан асатын тағы бірнеше жобаларды атқарып, жеңімпаз болып отырған

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

Министерство высшего образования разработало проект: родителям предлагают копить на учебу детей по системе "Келешек", сообщает Sputnik.kz.

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

Орал қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында депутат Мақсат Айсаутовтың Назарбаев даңғылына бұрынғы атауын қайтару бастамасы өзгеріссіз қалды.

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

Қатты соққының әсерінен мұрыны сынып, ота да жасатқан

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

Алматы облысы Талғар ауданында ауруханада қайтыс болған марқұмның туыстары жансақтау бөлімінің дәрігер-реаниматологы мен медқызметкерін ұрып кеткен.

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

Чиновники правительства сдались под натиском группы предпринимателей, желавшей отмены моратория на отстрел сайги. С 2024 года убивать сайгу станет можно. Руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР объясняет это решение достижением довольно большой численности стад сайгаков.