Жамбыл малшылары: Мал көп, шөп жоқ

Malim Админ

  • 30.06.2021

24 мың гектар шабындық жер болса, оның жартысы қуаңшылықтан құрып кеткен.

Осыдан бір ай бұрын Маңғыстауда халық жем-шөп таппай малы қырылып еді. Енді Жамбылдық шаруаларға мал азығын жинау мұңға айналып отыр. Биыл өңірде жаңбыр жаумай шөп жылдағыдай шықпай қалған. Бұл туралы Мalim.kz сайты Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап хабарлайд.

Биыл Жамбылда жауын шашын мөлшері аз болғандай, Шу өзенінің арнасы тартылған. Шөбі шүйгін деп саналатын Мойынқұм ауданына да қуаңшылық жайлаған. Жылда маялап шөп алып, мыңғырта мал жаятын Тұлпарсаз жайлауының сыйқы сүреңсіз. Шаңы шығып, шөбін қуаңшылық қуратқан. Амалы таусылған шаруалар шөпті ауыл маңынан емес 150 шақырым жерден тасуға мәжбүр.  

«Биыл жаңбыр болған жоқ. Жел болды. Жердің бәрі кеуіп кетті. Шөп жоқ. Шөпті жайылма Мойынқұм жақта жайылма жерлер бар. Солардан қалғандарын орамыз. Шөп іздеп жатыр. Жан-жақтан алып жатыр», ‒ деді шаруа Бағдатбек Асқаров.

«Дизель отынының бағасы 200 теңгеден кем емес. Жұмысшылардың айлығын да беру керек. Қазір 200 мыңнан төмен айлыққа ешкім жұмыс істемейді. Барлығы келген кезде сол шөптің үстіне келіп қосамыз», ‒ деді шаруа Шәймерден Исабеков.

Мойынқұм ауданы бойынша 24 мың гектар шабындық жер болса, оның жартысы қуаңшылықтан құрып кеткен. Енді амалсыз жұрт жайылым жердегі бар шөпті шауып алып жатыр. 210 мың бас малы бар ауданға қыстық шөптің 132 мың тоннасын әзірлеу керек. Биыл бұл меже орындалмайтын түрі бар. Жергілікті билік болса мәселені шешудің жолы бар шөпті сыртқа шығармай өзімізге жинау дейді.

«Бірінші өзіміздің тұрғындарменен шаруақожалығын қамтамасыз ету керек. Артылғанын сату қажет. Сондай қаулы қабылдап сондай тапсырма берілді. Соған комиссия құрылды қаулы бойынша. Біз комиссиямен шығамыз қанша шөбіміз бар, қаншасы артылады деген мәселемен жұмыс істейміз», ‒ деді Мойынқұм аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қызыр Елеусізов.

Аудан билігі осылайша өз шаруаларымызды жарылқасақ жеткілікті деген пікірде. Салдарынан, жай кезде жеріне түк шықпайтын Талас, Сарысу секілді аудандар қиналғалы тұр. Ол жақтағы шаруалар мал азығын амалсыз көрші Түркістан мен Қарағанды облыстарынан еселеген бағамен сатып алмақ. Жалпы облыстың мал азығына деген қажеттілігі 1 миллион 712 мың тонна. Бүгінгі күнге дейін оның 350 мың тоннасы ғана әзірленген.

 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін