Жаңаөзенде «саяси лагерь» ұйымдастырмақшы

  • 18.10.2021

Жаңаөзен қаласының билігі жастарға арналған саяси лагерь ұйымдастырмақшы.

Іс-шараны тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына ыңғайлап өткізбек. Бұл лагерді не себепті ұйымдастыру керектігін Жаңаөзен қаласының Қоғамдық даму орталығы былай деп түсіндірді:

«Үш күндік іс-шараның мақсаты – қала жастарына патриоттық тәрбие беру, басқа өңірлердегі жастармен тәжірибе алмасу. Қатысушыларға әртүрлі бағытта мотивация беру үшін Қазақстанға танымал тұлғалар шақырылады».

Жастарға арналған «Жазғы саяси лагерь – 2021» іс-шарасын ұйымдастыру үшін бюджеттен 4 млн теңге бөлінген.

Айта кетейік, 2021 жылдың жаз айларында Жаңаөзенді наразылық акциялары жайлады. Қала әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетовтың айтуынша, 30-дан астам мекемеде еңбек дауы туып, жұмысшылар жалақының өсуін талап етті.

7 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымовты қызметінен босатып, оның орнына Нұрлан Ноғаевты тағайындады.

Ал осы айдың басында президенттің тапсырмасымен үкімет Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарын мақұлап,  2025 жылға дейін 2,1 трлн теңге бағыттауды жоспарлаған болатын.

Аделаида Ауеспекова

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

06.05.2025

Маңғыстауда 460 оқушыны улаған мектеп асханасының басшысы сотталды

29.04.2025

Маңғыстауда қызғалдақ үстіне дастархан жайылған: желіде видео тарады

28.04.2025

Маңғыстауда оқушылар уланды: министрлік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі

27.04.2025

Полиция қашып кеткен пдеофилдерге қатысты пікір білдірді

26.04.2025
MalimBlocks