Жандарын шүберекке түйген ақ халаттылар

Malim Админ

  • 14.04.2020

Коронавирус инфекциясымен күресіп жүрген дәрігерлерге еңбекақыға үстеме ақы беріліп жатыр. Олар бір айдан бері тынымсыз еңбек етіп, жандарын шүберекке түйіп жүр. Алматы облысы Қарасай аудандық ауруханасының инфекция бөлімінің меңгерушісі Сәуле Барақбаева дәрігерлердің борышы науқастарды емдеу дейді.

«Үкіметке де, департаментімізге және жергілікті әкімшілікке алғысымызды айтамыз. Шыны келгенде, біз үстемақы аламыз деп келген жоқпыз, науқастарға жәрдем берейік деп келдік. Себебі, біздің борышымыз - науқастарды емдеу. Кеше барлық қызметкерлер үстемақыларын алды. Бұл да қаржылық көмек болды. Он төрт күннен кейін карантиннен де шығамыз. Қазір тәулік бойы еңбек етіп жатырмыз. 14 күн сайын қызметкерлер ауысып тұрады.

Адам болған соң пікір де көп болады. Мен 29 жыл осы салада жұмыс істеп келемін. Басымыздан небір оқиға өтті. Менің тәжірибемде ауыр індетпен күрестің екінші жағдайы десем де болады. Себебі, 1994 жылы ел іші жаппай холерамен күрескен еді. Ол кезде де шыдамдылық танытып, жеңдік. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, осы инфекцияны да барлығымыз бірігіп, жеңіп шығуымыз керек.

Халық ауруды асқындырмай, барынша таратпауға тырысып, үйде отырғандары абзал. Ең бастысы – оқшаулану. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. 4 науқасты емдеп, үйлеріне жібердік. 14 күн ем беріп, 2 күн бойы сараптамадан өткіздік. Қазір бесіншісін шығаруға дайындап жатырмыз. Жазылып шыққан пациенттердің де көңілдері көншікті. Алғыстарын жаудырып жатыр», - деді С.Барақбаева.

Үстемеақы медицина қызметкерлеріне сенімділік беріп, көңіл алаңын да басып жатқанға ұқсайды. Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында провизорлық стационарда еңбек етіп жүрген жұқпалы аурулар дәрігері Елена Колпакова да пікірімен бөлісті

Е.Колпакова өз мамандығы бойынша 27 жыл қызмет етіп келеді. Бәйтерек ауданындағы провизорлық стационар биылғы 20 ақпаннан бері жұмыс жасауда. Онда Бәйтерек аудандық ауруханасының қызметкерлері ұйымшылдықпен қызмет атқаруда. Оның сөзіне қарағанда, стационарға түскендерден сынама алынады. Сынама барлық сақтық шаралары қолданыла отырып, вирусологиялық зертханаға жіберіледі. Коронавирус анықталған жағдайда науқас бірден облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылады. Ал ЖРВИ және пневмониямен ауырғандар осында емделеді. «Карантиндік жұмысқа әзірлік тұрақты жүргізілді. Сондықтан аса бір қиындық туындаған жоқ. Негізгі құрам үстемеақы болатынын білмей-ақ жұмыс істеді. Барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, карантинде жатқан емделушілерге қызмет көрсетті. Бұл – кез келген жұқпалы аурулар стационарындағы қалыпты жұмыс. Әрине, үстемеақының төленуін қызметкерлер еңбектің бағалануы ретінде қабылдады. Бұл бізге жауапкершілік жүгін үстей түседі», - деді Елена Колпакова.

Байланысты жаналықтар

Экс-министр Біртановтың соты тағы шегерілді

06.01.2023

Біртанов: Дәрі-дәрмек тапшылығына "СҚ-Фармация" кінәлі емес

21.06.2021

Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзартылды

06.05.2021

Елжан Біртанов қамауға алынды

31.10.2020

Жемқорлыққа байланысты президент тапсырмасы орындала ма?

11.09.2020

Біртановпен айқасқан дәрігер: 200 мың адамдық митингіге рұқсат сұрадым

10.09.2020
MalimBlocks
Экс-министр Біртановтың соты тағы шегерілді

ZOOM платформасында өткен сот отырысы ұзаққа созылмады

Біртанов: Дәрі-дәрмек тапшылығына "СҚ-Фармация" кінәлі емес

Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзартылды

Елжан Біртанов қамауға алынды

Жемқорлыққа байланысты президент тапсырмасы орындала ма?

Біртановпен айқасқан дәрігер: 200 мың адамдық митингіге рұқсат сұрадым