457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Заңдастарылмаған автокөліктер айып тұрағына жіберіліп жатыр

Бүгінгі күнге дейін заңдастырылмаған 1,7 мың көлік айып тұрағына қойылды.  

Қазіргі уақытта сақтандырусыз, техникалық байқаусыз жүрген 2 мыңнан астам көлік иелерін анықтадық және олар әкімшілік жауапқа тартылды. Қазір 1,7 мыңға жуық көлік айып тұрағына қойылды,- деді әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге заңсыз әкелінген көлік құралдарын заңдастыру 1 шілдеге дейін жүргізілді. Осы уақытта 220 мыңнан астам автокөлік заңдастырылған. Ал одан кейін әкелгендер әкімшілік кодекс бойынша оларға алғашында 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Екінші рет – әкімшілік хаттама жасалып, көлік айып тұрағына қойылады.