Зейнет жасы төмендетілуі мүмкін бе? - Тоғжанов жауап берді

Айшолпан КЕРІМ

  • 12.05.2022

Тоғжанов зейнет жасын төмендету күн тәрбітінде тұрғанын және мәселені шешуде халықаралық тәжірибе ескерілетінін айтты.

"Жалпы халықаралық тәжірибеге сай, зейнет жасын төмендету көзделмейді. Қазір бұл мәселені шахтерлер ғана көтеріп жүрген жоқ. Мүгедек баласы бар аналар да қозғап жүр. Сол себепті біз талқыға саламыз. Жыл соңына дейін Әлеуметтік кодекс қабылданады. Бірнеше талқылау өтеді, сіздер де  сол талқылауға қатысасыздар", - деді Тоғжанов.

Қазір елдегі ер адамдар 63 жаста зейнетке шығады. Ал әйелдердің зейнет жасы жылдан-жылға ұзарып, 2027 жылы ерлермен теңеседі. 2022 жылдың 1 қаңтарында Қазақстандағы әйелдердің зейнет жасы 60,5 жасқа өскен еді.

Жалпы еліміздегі әйелдердің зейнет жасы 2018 жылдан бастап өзгеріп келеді. Оған дейін әйелдер 58 жасында зейнетке шығатын.

Айта кетейік, ТМД елдері арасында ең төменгі зейнет жасы Өзбекстанда екен. Көрші елде 25 жыл еңбек өтілі бар ерлер 60 жасында зейнеткер атанса, ал әйелдер 20 жыл жұмыс істеп, зейнетке шыға алады.

Алайда елімізде де кейбір азаматтарға құрметті демалысқа ерте шығу мүмкіндігі берілген.

Олар:

- бес және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер (53 жас);

- Семей ядролық сынақ полигонының төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында 1949 жылдың 29 тамызы мен 1963 жылдың 5 шілдесі аралығында кемінде бес жыл тұрған қазақстандықтар: ерлер – 50 жаста, әйелдер – 45 жастан зейнетке шыға алады.

Өткен жылдың желтоқсанында сол кездегі премьер-министр Асқар Мамин жоғарыдағы тізімге құтқарушылардың да қосылуы мүмкін екенін айтқан еді. 

Сондай-ақ жыл басында мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов тізімге шахтерлер мен металлургтерді қосып, олардың зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендетуді ұсынған еді. 

Ал әйелдердің зейнет жасын төмендету бойынша ұсыныс айтқан қоғам өкілдерін түрлі тақырыптық митингілерде кездестіруге болады.

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.