freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Әкемнің көшесі": Мұстафа Өзтүріктің қызы Алматыға келіп, қуанышты хабарын жеткізді (ВИДЕО)

Қоғам
"Әкемнің көшесі": Мұстафа Өзтүріктің қызы Алматыға келіп, қуанышты хабарын жеткізді (ВИДЕО)
turkystan.kz коллажы. Суретте: Мұстафа Өзтүрік пен қызы Неслихан Өзтүрік

Қазақстан таеквондосының негізін қалаушы, белгілі спортшы Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік Алматыда әкесінің есімі берілген көшеге арнайы барып, әсерлі сәттерін бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Неслихан Өзтүрік әлеуметтік желідегі парақшасында бұл сапардың өзі үшін ерекше мәнге ие болғанын жазды. Оның айтуынша, ол бұл көшеге соңғы рет он жыл бұрын келген.

"Бүгін Алматыдағы Мұстафа Өзтүрік көшесіне бардым. Бұл – әкемнің аты берілген көше. Соңғы рет мұнда 10 жыл бұрын болғанмын. Көшені біраз аралап жүрдім. Бір кезде ойын алаңынан оның үлкен суретін көріп, сөзсіз қалдым. Ол маған өте жақын тұрғандай әсер етті", – деп жазды ол.

Мұстафа Өзтүрік – қазақ спорты тарихында ерекше із қалдырған тұлғалардың бірі. Ол 1954 жылы Түркияның Кайсери қаласында дүниеге келген. Шын есімі – Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман. Бала кезінен зерек, алғыр болып өскен ол білімге де, спортқа да ерекше қызығушылық танытты. Жасөспірім шағында Ыстанбұлда білім алып, кейін Тайваньдағы жоғары оқу орнында халықаралық журналистика мамандығын меңгерді. Дәл осы кезеңде ол корей халқының көне жекпе-жек өнері – таеквондомен айналыса бастайды. Уақыт өте келе бұл спорт түрін терең игеріп, әлемдік деңгейдегі шеберге айналды.

Мұстафа Өзтүрік таеквондодан алты дүркін әлем чемпионы атанып, қара белбеудің 6-дан дәрежесіне жеткен. Ол Германия мен Түркияда таеквондо мектептерін ашып, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Тәуелсіздік алғаннан кейін тарихи Отаны – Қазақстанға оралып, осы спорт түрін дамытуға үлкен үлес қосты. Алматы қаласында таеквондо мектебін ашып, Қазақстан таеквондо федерациясының негізін қалады.

Оның еңбегінің арқасында қазақ спортшылары халықаралық аренада өнер көрсетіп, ел абыройын асқақтатты. Мұстафа Өзтүрік тек спортшы ғана емес, білікті жаттықтырушы әрі ұйымдастырушы ретінде де танылды. Ол бірнеше тілді меңгерген, білімді әрі жан-жақты тұлға болған. Спорт арқылы елді біріктіруді мақсат еткен ол өз өмірін осы жолға арнады.

Өкінішке қарай, Мұстафа Өзтүрік 1995 жылы Алматыда небәрі 40 жасында дүниеден өтті. Оның қазасы қазақ спорты үшін үлкен қайғы болды. Кейін оның денесі Түркияның Ыстанбұл қаласында жерленді. Бүгінде оның есімі ұмытылған жоқ: Алматыда оған көше беріліп, ескерткіштер орнатылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу